А. М. Касенова. Стандарттау


Бақылау мен өлшеудіц турлері меи әдістері



Pdf көрінісі
бет153/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   184
Бақылау мен өлшеудіц турлері меи әдістері
Өлшеудің төмендегідей түрлері бар:
1. Тікелей - мүнда шаманың ізделінген мәнін тәжірибелік 
мэліметтерге қатыссыз табады;


Ill тарау. Метрология негіздері 229
2.
Жанама - мұнда белгілі мэні бар ізделінген шамаға 
байланысты шаманы өлшейді;
1. Жиынтық өлшеулер - бір атты бірнеше шамаларға бір 
уақытта өлшеу жүргізіледі;
2. Бірлестік өлшеулер - әр түрлі атты бірнеше шамаларға бір 
уақытта өлшеу жүргізіледі;
3.5 Өлшеу және бақылау құралдары
3.5.1 Өлшеу құралдарының түрлері
Метрологияда өлшеу қүралдары деп нормаланған метроло- 
гиялық сипаттамаларға ие, белгілі уақыт аралығында (берілген 
қателіктер деңгейінде) өлшемі өзгермейтін физикалық шаманы 
жаңғыртатын немесе сақтайтын техникалық қүрылғыны атайды.
Өлшеу қүралдары ғылым мен техниканың барлық саласында, 
өндірісте, 
зауыттар 
мен 
фабрикаларда, 
тіпті, 
қарапайым 
түрмыста кеңінен қолданылады. Ұзындықты өлшеуге кэдімгі 
мектеп окушыларының сызғышынан бастап, одан күрделірек, 
штангенциркуль, микрометрлер пайдаланылады. Кейде адамның 
дене мүшелерінің өзі өлшеу қүралы болып кетеді. Мысалы саусактың 
ені - бір елі, бас бармақ пен ортаңғы саусактың арасы бір қарыс т.б.
Өлшеу техникасы құралдары - өлшеуге арналған техникалық 
қүралдарды 
қамтитын 
жалпы 
түсінік. 
Өлшеу 
техникасы 
қүралдарына - өлшеу қүралдары, олардың жиынтықтары 
(өлшеу жүйелері, өлшеу қондырғылары), өлшеу заттары, өлшеу 
қүрылғылары жатады.
Функциялдық қызметі жағынан өлшеу қүралдарын екі топқа 
бөледі:
1. Берілген өлшемді жаңғыртушы өлшеу қүралдары. Мысалы, 
кір тасы - берілген массаны, кедергілер магазині - кедергінің эр 
түрлі диапазондағы мәндерін жаңғыртады.
2. Өлшенуші шаманың мэні туралы мәлімет беретін өлшеу 
құралдары. Мысалы, стрелкалы немесе цифрлы өлшеу қүралдары.
Ғылым мен техниканың эр түрлі салаларында қолданылатын 
өлшеу қүралдары орасан көп және сан-алуан. Оларды қасиеттеріне 
байланысты түрлі топқа бөлуге болады.


230 Стандарттау, сертификаттау және метрология негидері
Өлшенуші шаманың физикалық сипатына байланысты 
өлшеу құралдарын механикалық, шамаларды өлшеуші, жылулық 
шамаларды өлшеуші, магнитэлектрлік шамаларды өлшеуші 
т.б. құралдар деп топтастырады. Өлшеу құралдарының мұндай 
классификациясы шартты түрде алынғандықтан, оған тоқталмауға 
болады. Өлшеу құралдары олардың жұмыс істеу принципіне 
қатысты былай бөлінеді: 
мералар;
өлшеу түрленгіштері, 
өлшегіш приборлар
компораторлар.
Мера
деп шаманың берілген мәнін қажетті дәлдікпен 
жаңғыртатын өлшеу қүралын айтады. Мералар бір мәнді және 
көп мәнді болып бөлінеді. Егер мера физикалық шаманың бір 
ғана мэнін жаңғыртса, онда ол бір мэнді деп аталады. Бір мэнді 
мераларға мысалға 1 кг кір тасы, қалыпты элемент, сыйымдылығы 
айнымалы конденсатор т.б. жатады. Бір мэнді мераларға, сондай- 
ақ стандарттық үлгілер мен үлгілік заттар жатады. Егер мера 
физикалық шаманың бірнеше өлшемін жаңғыртса, онда ол көп 
мәнді деп аталады. Көп мэнді мераға мералар жиыны, мералар 
магазині т.б. жатады. Аттестациялық қателігіне байланысты 
мералар разядтарға бөлінеді. Разряд берілген мералар өлшеу 
құралдарын тексеріп салыстыруға қолданылады, олар үлгілік 
мералар деп аталады. Дәлдік класы берілген мералар жүмыс 
мералары 
болып 
табылады, 
олар 
техникалық 
өлшеулер 
үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет