Міндетті сертификаттау
заңдар мен заңнамалық ережелер негізінде
іске асырылады және міндетті стандарт талаптарына, техникалық
регламенттер талаптарына тауардың (процестің, қызметтің) сәйкестігін
дәлелдеуді қамтамасыз етеді. Осы нормативтік құжаттардың міндетті
талаптары қауіпсіздікке және адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны
қорғауға қатысты болғандықтан, міндетті сертификаттаудың негізгі аспектісі
қауіпсіздік және экология болып табылады.
Қазақстанда міндетті сертификаттау «Тұтынушылар құқықтарын қорғау
туралы» заңымен ендірілген. Міндетті сәйкестілікке бекітуге жататын өнім
техникалық реттеу саласындағы нормативтік, құқықтық актілерімен
анықталады.
Ерікті сертификаттау
жүйелеріндегі сертификаттау бойынша орган
мен өтінуші арасындағы келісім шарттарындағы заңды немесе жеке тұлғалар
бастамасы бойынша жүргізіледі. Міндетті сертфикаттау жүйелерінде міндетті
сертификаттау органдары еркін сертификаттауды өткізе алады.
Ерікті сертификаттауда сынаулар іске асырылатын нормативтік
құжаттарды, әдетте, өтінуші өзі таңдайды. Өнімді дайындаушы, жеткізуші,
сатушы, тұтынушы өтінуші болуы мүмкін. Ерікті сертификаттау жүйелері
көбіне ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар негізінде сауданы дамытуға
мүдделі өнім тұтынушылар мен дайындаушыларын біріктіреді.
Сертификаттау жүйелеріне қатысу
үш түрде жүргізілуі мүмкін:
сертификаттау жүйесіне рұқсат ету; сертификаттау жүйесіне қатысу,
сертификаттау жүйесіне мүше болу.
Рұқсат ету осы жүйелердің ережелеріне сәйкес сертификаттауды іске
асыруда өтінуші үшін мүмкіндікті білдіреді. Мүшелік пен қатысу
сертификаттау органы деңгейінде белгіленеді.
Қатысудың бірінші түрі өнім дайындаушы кәсіпорындарға, өнім
жеткізушілерге қатысты. Олар таңдалған жүйе шеңберінде өз өнімін
сертификаттайды (мысалы, ерікті сертификаттауда) немесе осы жүйе
42
бойынша сертификаттауды өткізулері керек, мысалы, міндетті сертификаттау
ережелері негізінде.
Сертификаттаудың басқа екі түр ұлттық, өңірлік және халықаралық
сертификаттау жүйелеріндегі сертификаттау органының қызметіне қатысты.
Сертификаттау халықаралық сауданың дамуына ықпал етуі керек. Бірақ
сертификаттау жүйесінде техникалық кедергі болуы да мүмкін. Саудада
техникалық кедергілерді жоюға өзара тану туралы келісім көмектеседі (тану
бойынша келісім ISO/IEC-тің 2 Нұсқаулығының терминологиясына сәйкес).
Бұл келісімдер қатысушы елдер санына байланысты біржақты, екіжақты,
көпжақты болады.
Қазақстан Республикасында сертификаттау келесідей ҚР мемлекеттік
заңдарына – «Тұтынушы құқығын қорғау туралы», «Техникалық реттеу
туралы», сондай-ақ, «Ветеринария туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы»,
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» салалық
заңдарына және басқа құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылады және
жүргізіледі.
«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң
1991
2008? жылы
қабылданған (1992 жылы өзгерістер енгізілген). Мұнда бірқатар принциптік
жаңа
ережелер
берілген:
барлық
өркениетті
әлемде
танылған
тұтынушылардың құқықтарын, өмір мен денсаулық үшін қызметтердің,
жұмыстардың, тауарлардың қауіпсіздігі құқын; орындалатын жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің, сатып алатын тауарлардың лайықты сапасы құқын;
тұтынушы мүдделер мен құқықтарын соттық қорғау және шығынды орнына
келтіру құқын бекітті. Сапасыз тауарларды сатуда немесе жұмысттары дұрыс
орындамауда,
қызмет
көрсетуде
жіберілген
бұзылушылықтарда
тұтынушының құқықтарын қорғау механизмін алдын ала қарастырады. Табыс
табу үшін тауар сатып алатын жеке кәсіпкерлерді заң тұтынушылар қатарына
жатқызбайды.
«Техникалық реттеу туралы» заңы 2004 жылы қабылданды. Заңда
сертификаттау мақсаттары орнатылған, сетрификаттау бойынша ұлттық
уәкілетті орган - ҚР уәкілетті органы анықталған. Осы органның қызмет
бағыты, сәйкестікті міндетті және ерікті растаудың мағынасы, сертификаттау
бойынша органдардың құқықтары, сертификаттау бойынша қызметтердің
әртүрлі бакғыттарының қаржыландаруы, т.б. қарастырылған.
Сәйкестікті үшінші тараптан бекіту жүйелерінде стандарттарға
сәйкестіктің екі әдісі қолданылады: сәйкестік сертификаты және сәйкестік
белгісі.
Сәйкестік сертификаты
– техникалық реттеу саласында нормативтік
құқықтық актілермен, стандарттар ережелерімен немесе басқа құжаттармен
тағайындалған
талаптарға
өнімдердің,
қызметтердің
сәйкестігін
куәландыратын құжат. Сертификат стандарттың барлық талаптарына, сондай-
ақ оның жеке тарауларына немесе өнімнің нақты сипаттарына қатысты бола
алады және ол құжатта анық ескертіледі
43
Сәйкестік белгісі -
техникалық реттеу саласындағы
нормативтік
құқықтық актілермен, стандарттармен және басқа құжаттармен тағайындалған
талаптарға сәйкестікті бекіту амалынан өнімнің, қызметтің өткендігі туралы
сатып алушылырды ақпараттау үшін қолданылатын белгі. Сәйкестік туралы
белгіні пайдалануға рұқсатты (лицензияны) сертификаттау органы береді.
Сертификаттауда пайдалану үшін тағайындалған стандарттың «Қолдану
саласы» бөлімінде оларды сертификаттау мақсаттары үшін қолданылуы
туралы ескертілуі қажет. Стандартқа тек қана обьективті тексеруге мүмкін
болатын сипаттамалар енеді. Егер сынаулар реті олардың нәтижелеріне әсер
ететін болса, онда стандартта сынаулардың ретін көрсетеді. Бұзбайтын сынау
әдістері тиімдірек.
Өнімнің сәйкестігін бекітуді жүргізу тәртібі
міндетті сертификаттауға
қатысты белгіленген (соның ішінде импортталатын өнімге), бірақ ерікті
сертификаттауда да қолданылуы мүмкін. Өнімнің сертификаттауын
жүргізудің тәртібінің жалпы прициптері ISO/IEC-тің 2 Нұсқаулығына сәйкес
келеді. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстарды басқару техникалық
реттеудің мемлекеттік жүйесі шеңберінде іске асырылады.
Сертификаттау
бойынша тікелей жұмысты сәйкестікті бекіту органдары және сынау
зертханалары жүргізеді.
Сертификаттау тәртібі:
а) өнімді сертификаттау үшін
сәйкестікті бекітетін органға
өтініш
түсіру;
осы орган бір ай ішінде өтінішті қарайды және өз өнімін
сертификаттау үшін өтінуші қай органды және қай сынау зертханасын таңдай
алатындығы жайлы шешімін хабарлайды;
б)
сынау зертханасы жүргізетін
үлгілерді таңдау, сәйкестендіру және
олардың сынауын жүргізу;
сынаулардан кейін сынау хаттамалары бір-бірден
өтінушіге және сәйкестендіруді бекіту жөніндегі органға беріледі; хаттаманың
сақтау мерзімі сертификаттың әрекет ету мерзіміне тең болады
в) өндірісті бағалау;
өндірісті
талдау өндірісті немесе сапаны басқару
жүйесін сертификаттауда жүргізіледі;
г) сәйкестік сертификатын беру;
б) және в) тармақшалар бойынша
сарапшының қорытындысы жасалады; бұл басты құжат, соның негізінде
сәйкестік бекіту жөніндегі орган сарапшының қорытындысын береді; осы
орган сәйкестікті беру және тіркеу нөмірін берудің негізін көрсетіп,
сертификат әзірлейді, онсыз сертификат жарамды болмайды.
Сәйкестік сертификатын алғанға дейін өлшеу құралдары мемлекеттік
метрологиялық бақылау және тексеруден өтуі қажет. Сәйкестік сертификаты
бекіту сұлбасымен тағайындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге
беріледі. Сертификатталған өнім үшін инспекциялық бақылау сертификаттың
әрекет етуінің және сәйкестендіруді қолданудың, бірақ жылына бір реттен кем
емес барлық мерзімінде жүргізіледі.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [2-5, 8,9] алуға болады.
|