№11 дәріс. Сапаны басқару (квалиметрия негіздері) Дәріс мазмұны: квалиметрия, сапаның көрсеткіштер түрлері, сапаның
көрсеткіштерін анықтау әдістері.
Дәріс мақсаты: сапа көрсеткіштерін бағалау әдістерін, қалыптастыру
ережелерін, қасиеттерін оқу.
11.1 Өлшеу және сапаны бағалау Тұтынушылардың
белгілі
қажеттіліктерін
қамтамасыздандыру
мүмкіншіліктеріне сәйкес өнімнің
қасиеттер жиынтығы оның
сапасы деп
аталады. Сапаны басқару үшін біріншіден оны бағалу, ал идеалды жағдайда -
өлшеу керек.
Сапаны бағалу сұрақтарын
квалиметрия оқиды. Сапа деп аталатын
қасиет физикалық шама болып табылмайды және метрологиялық көз қарасы
жағынан өлшенбейді, себебі осы қасиеттің заңдаңдырылған өлшемі жоқ.
Сонда да физикалық шамаларды өлшеу аналогиясы негізінде квалиметрияда
сапаны бағалудың (сонымен бірге сан жағынан да) практикалық ұсынымдары
алынған.
Бір шаманы анықтау және өлшеу тек қана оны басқа салыстыру бірлігі
болатын белгілі шамамен – өлшеммен салыстырып орындауға болады.
Метрологияда осындай өлшемдер ретінде физикалық шамалардың бірліктері
болып табылады.
Физикалық
шамалардың
аналогтары
квалиметрияда
сапа көрсеткіштері болып табылады. «Физиқалық шама» және «сапа көрсеткіші»
түсініктемелер жақын, бірақ тең емес.
Физикалық шама табиғаттың объективті қасиеттерін көрсетеді, ал сапа
көрсеткіші –
белгілі жағдайлардағы қоғамдық қажеттіліктерін. Мысалы,
масса – физикалық шама, ал өнім массасы – оның тасымалдылық көрсеткіші;
жарықтандыру – физикалық шама, ал жұмыс орынның жарықтығы -
эргономикалық көрсеткіш.
Сапа - өнімнің күрделі, көпөлшемді қасиеті, оның тұтыну қасиеттер
жиынының жалпылаған сипаттамасы. Бағалау мақсатымен ол сапаны
анықтайтын компоненттердің тек қана шағын санын есепке алатын.
қарапайымдыланған модельмен көрсетеіледі. Қажет болса, сапа моделі
жетілдіріледі, сапаны басқа жағынан сипаттайтын өнімнің жаңа қасиеттері
есепке алынады. Кері қарай – модель қарапайымдылануы мүмкін.