Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару


Сапа көрсеткіштерін анықтаудың әдістері



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата27.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#111004
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ

11.3 Сапа көрсеткіштерін анықтаудың әдістері 
Сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау үшін құралдық және экспертті 
әдістері қолданылады. 
Құралдық әдістер
шектелген жағдайларда қолданылады: сапа 
көрсеткіштері физикалық шамалар болады және нормаланған метрологиялық 


47
сипаттамалары бар өлшеу құралдары бар. Сонымен, сапа көрсеткіштерін 
құралдық әдісімен анықтау метрологяның кәдімгі өлшеу есептеріне айналады. 
Техникалық құралдарын қолдану мүмкін емес немесе экономикалық 
тиімсіз болса өлшеудің сапа көрсеткіштерін
жксперттік әдбарлық түрлері, 
қатынас шлалаларға дейін, істерімен
бағалауға болады. Мысалы, спортта, 
ғылымның гуманитарлық салаларында эргономикалық немесе эстетикалық 
көрсеткіштерін бағалау үшін эксперттік эдістері қолданылады. Өлшеу 
шкалалардың барлық түрлері, қатынас шкаласына дейін, қолданылады.
Органолептикалық
және 
социологиялық
әдістер эксперттік әдістерінің 
түрлері болады.
Органолептикалық әдіс 
объект қасиеттерін адамның сезім органдары 
көмегімен бағалауда негізделген: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу және дәм. 
Мысалы, шәй сапасын дегустаторлармен бағалау.
Социологиялық әдістер
халықтың немесе белгілі топтардың жаппай 
саулнамасына негізделеді, бұл кезде әр индивидуум эксперт ролінде болады.
Барлық эксперттік әдістерде «техникалық емес» өлшеу құралы 
адам-
эксперт
бар деп есептеледі. Сонымен бірге, сәйкес қасиеттің мөлшерін адам 
өз қиялында елестетеді деп санаймыз. Осындай әдіснамалық амалда 
негізделіп сапа көрсеткіштерінің эксперттік бағаларын өлшеу нәтижесі, ал 
бағалау процедурасының өзін – сапаны өлшеу деп атайды. 
Келесіні ескеру керек: эксперттік бағалар өлшеу нәтижесі емес, тек қана 
өрескел бағалаудың нәтижесі. Сонда да әзірше өлшенбейтін өнімнің 
тұтынушылық қасиеттерін эксперттік бағалаудың маңызды қолданбалы мәні 
бар; олар бағаланатын қасиеттерінің интенсивтілігі бойынша объекттерді 
салыстыруға, классификациялауға мүмкіндік береді.
Өнім сапасының эксперттік бағасын бір адам бере алады, бірақ бағаның 
дұрыстығын көтеру мақсатымен 
бағалаудың топтық әдісін
қолданады. 
Бағалардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін эксперттік комиссия мұқият 
таңдалынып, аттестаттану керек.
Кандидаттарды эксперттік комиссияға таңдау үшін олардың 
құзыреттілігін 
тестілеу 
жолымен 
тексереді. 
Эксперттік 
топтарды 
құрастырғанда эксперттердің бағаларының келісішілігін және тәуелсіздігін 
қамтамасыздандыру қиыншылықтардың бірі болып табылады. Сондықтан 
комиссияны құрастырудың аяқталу кезеңінде эксперттердің өзін-өзі және 
өзара бағалауларын өткізу орынды болады. Өзін-өзі бағалау келесі жолмен 
орындалады: топтың әр мүшесі белгілі уақытта анкетаның сұрақтарына жауап 
беріп, оларды сәйкес жауаптармен салыстырып, өзінің білімдерін тексереді. 
Объекттердің сапасын бағдалағанда әдетте жоғарғы өзін-өзі бағаларына ие 
бар эксперттік комиссиялар сирек қателеседі. Өзара бағалауда осындай 
әдістеме бойынша орындалады, тек эксперттер бір-бірін тексереді.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [2,4] алуға болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет