343
Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты-Оқушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық
патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген
мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарды дарыту,
зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту болып табылады. Қазақстан тарихы
бойынша оқу бағдарламасында қолданылатын құндылықтарға бағытталған ұстаным
қазақстандық патриотизмді, толеранттық сана, өз елінің тарихи өткеніне, ата-бабалар мәдениеті
мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді. Әртүрлі
тарихи кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы оқушылар тарихи процестің біртұтастылығы
мен сабақтастығын, оған қоса Қазақстан тарихын дүниежүзі тарихының бір бөлшегі екенін
түсінеді. Оқушылар тарихи даму процесіндегі Қазақстанның халқы адамзаттың ілгеруіне өзіндік
бірегей әрі ауқымды үлес қосқандығын түсінеді [3].
Бағдарлама бойынша мына оқу мақсаттары мемлекет идеологиясын толық қамтиды:
5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі»
ұғымын қолдану
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау
6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
6.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына
қосқан үлесін анықтау
6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи
еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының
тарихи дереккөзі ретінде
құндылығын бағалау
7.2.2.4 ұлттық киім үлгілерінің ерекшеліктерін анықтау арқылы қолданбалы өнердің
жетістіктерін бағалау
9.2.1.3
«Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау
9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі
тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау
9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың
қажеттілігін негіздеу [3].
Аталған оқу мақсаттарының пән бойынша жүзеге асырылуы механизмдеріне әртүрлі.
Мәңгілік Елдің "Жалпыға ортақ еңбек қоғамы" мәселесі бойынша жаңартылған бағдарламада
оқушылар еңбек өнімділігін анықтайтын практикалық бағыттағы
есептерді модельдейді және
шешеді, күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. "Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік
өңірлік мәселелерді шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы" бағытына сәйкес оқушылар Қазақстан,
әлем және өзі тұратын аймақтың экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынады. "Тарих,
мәдениет пен тілдің ортақтығы" бағытына сәйкес оқушылар Қазақстан мәдени құндылықтарын
сақтау жөнінде идеяларды талқылап, зерделейді. Отбасының мемлекеттегі рөлі мен
маңыздылығы туралы талқылау жасайды.
«Қазақстан тарихы» пәнін мемлекеттік тілде оқыту оқушылардың халқымыздың
мәдениеті мен тарихына қызығушылығын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық фактілер мен
тарихи құбылыстарды қазақ тілінде танып білуге, тарихи деректерді интерпретациялауға, уақыт
пен кеңістікте бағдарлауға, түсіндіру және талдау сияқты дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Оқушыларда ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды
қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді, ұлттық идеологияның қалыптасуының да
негізгі қайнар көзін құрайды. Яғни, «Қазақстан тарихы» пәнін жаңаша оқытудың маңыздылығы
арта түсуде.
Қазақстан тарихы пәні ұстаздарына оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын, тарихи
түсініктері мен сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамытуға жәрдемдесетін
белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану талабы қойылады. Сонымен қатар сабақты жоспарлау
344
және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Материал мазмұны Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясына сай болуы керек және
қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы тиіс, яғни, Отанымыздың
патриоттарын, зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарын
құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу басты
назарда. Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында бұл мақсаттарға және жоғары нәтижеге тек
қана нақты, жүйелі, икемді құрылған сабақ жоспары арқылы ғана қолжеткізуге болады.
Әл-Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзатты апатқа ұшыратады». Ал
Қoғaмдық caнaны жаңғырту ұлттың мәдeниeті мен кодын сақтаған жағдайда мүмкін болады.
Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелеріне баса назар
аудару қажет. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеяға айналуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: