332
көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын
қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласы жаһандық тарихтағы қазақ елінің рөлін нақты тарихи деректерге
сүйене отырып көрсету болып табылады [2].
Алматы облысы білім басқармасының «Рухани жаңғыру», соның ішінде «Туған жер»
бағдарламасы аясында төмендегідей іс-шаралар жасауды жоспарлауда: - білім беру; -
экология және абаттандыру; - мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті жерлердегі
объектілерді өңірлік тарихи қалпына келтіруді зерделеу. Жоғарыда аталған мәдени-тарихи
ескерткіштерді және жергілікті жерлердегі объектілерді өңірлік
тарихи қалпына келтіруді
зерделеу атты пунктісі өзінің маңыздылығын табуда. ҚР Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-
ұстау ережесін бекіту туралы» №157 бұйрығына сәйкес бүгінгі таңда көптеген жұмыстар
жүргізілуде [3]. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында заманға сай
ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануда. Бұл бағытта Талдықорғандағы жаңадан
ашылған «Рухани жаңғыру» орталығында елімізге белгілі тұлғалардың қатысуымен келелі
кеңестер ұйымдастырылып тұрады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы
облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған қызықты іс-шаралардың
бірі ретінде «Жетісу 360 ̊» виртуалды жобасын жасалды. Әрбір пайдаланушы осы жоба
арқылы үйден шықпастан аймақтағы барлық мұражай экспонаттарының қызықты әлеміне
саяхат жасай алады.
Мемлекет қорғауындағы 2338 тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау
аймақтарын анықтап, қорғау міндеттемелерін ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6
қарашадағы
№1045 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес [4] толтыру жұмыстары Ақсу, Талғар, Көксу,
Еңбекшіқазақ аудандарында жалғасуда. Жыл сайын Халықаралық ескерткіштерді қорғау
күніне байланысты, сәуір айының 10-18 күндері аралығында аудандарда жоспарлы түрде іс-
шаралар ұйымдастыру апталығы жүргізілуде. Ол туралы мәліметтердің барлығы баспасөз
беттерінде жариялануда. Осы мәселелерге тоқтала отырып, Талдықорған қаласында бой
көтерген ескерткіштердің мемлекет, қоғам үшін жады және мәдени мұра саясаты негізінде
өз маңыздылығының бар екендігін көрсету негізгі мақсатымыз.
Әр орнатылған ескерткіштің артында өзіндік тарихи оқиға, мән-мағынасы жатыр.
Олай дейтініміз Француз ғалымы П.Нораның «Франция-память» [5] атты еңбегінде
жадының өткен тарихымызбен байланысының үзілуі (жады-қашықтығы), сондай-ақ оған
қайтып баруымыз (жады-мұрағат)
деп атап өткендей, біздің елімізде де тарихи
жәдігерлерімізге, мұраларымызға қайта тоқталып, ескерткіштер орнату, тарихи жадыны
қайта қалыптастыру істері мемлекет тарапынан қолға алынып атқарылуда. Өткен
тарихымызға көз шалу, ескерткіштер орнату ісі Алматы облысы Талдықорған қаласында да
жүзеге асырылуда. Сондай-ақ олардың астарында мәдени мұра және жады саясаты жатыр.
Талдықорған қаласында тұрғызылған «Үш ата» ескерткішіне тоқталсақ: Талдықорған
қаласының ортасында 2006 жылы ұлы арғы аталарымыздың құрметіне, оларға тағзым еткен
ұрпақтары көтерген сәулетті монумент. «Үш ата» деп аталған ескерткіштің скульптуралық
композициясында ХVII-ХVIII ғасырлар аралығында өмір сүріп,
жоңғарлардың қалың
әскерлерін талқандауға айтарлықтай үлес қосқан атақты Ескелді би, Балпық би және Қаблиса
жырау сияқты үш тарихи тұлға бейнеленген. Ескерткішті орналастырудың өзінде үлкен
мағына жатыр – үш алып қарттың жанарлары шығысқа қарап, көптеген ғасырлар бойы
алдымызда не күтіп тұрғанын асқан шеберлікпен болжай білген, егемен Қазақстанның
арайлап атар таңын көріп тұрғандай. Бұндай астарлы ой салып, мағына беру арқылы халықты
өткен тарихымызды ұмытпауға, бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктеріміз деп білу.
Сондай-ақ, П. Нораның айтуынша «еске алу» орындары өз алдына үш аспектіні
негіздейді: материалдық, символдық және функционалдық. Яғни
қандай да бір ескерткіш
өзіндік қажеттілігін қоғам арасынан таппаса, онда оның еш маңыздылығы жоқ деп атауға
333
болады. Ал келесі біз тоқталатын ескерткіштеріміздің бірі сол қоғам арасынан қолдау тауып
орнатылған.
2009
жылы орнатылған Қаракерей Қабанбай ескерткішіне тоқталсақ. Қабанбай
батыр бес қаруын асынып тұр. Мемориалдық тақтай жоқ тұғырда тек
«Қаракерей
Қабанбай
(Ерасыл) 1692-1770 жж.» деген жазу бар. Бұл кісіге ескерткіш орнатудың өзіндік
мәні бар. Сонау жоңғарларға қарсы шығып, оларды күйретуге қатысып, әйгілі
батырларымыздың бірі. Бала тәрбиесінде бұл батырдың маңызы зор. Ал
осы батырдың
кереметтілігін атап өту арқылы өткен тарихымызға көз жүгіртіп, жадымызға сақтап,
болашақта бұл ескерткіштің қоғам үшін маңыздылығының туындағанын көрсету
жұмысымыздың негізгі нәтижесі болып табылады.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Мұқағали Мақатаев ақын бюсті орнатылуының тұспа-
тұс келуінде де үлкен мән бар. Мұқағали ақынның есімі елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге
де танымал. Өзі туған облыстың орталығында ақын бюстінің орнатылуының өзі рухани
маңызы зор оқиға. Сонымен қатар, тағы бір ескерткіштеріміздің бірі Н. Назарбаев ескерткіші.
Бұл ескерткішті орнату арқылы болашақ жастар бойында мәдени мұра және жадының
маңызын атап өту [6]. Яғни көріп отырғанымыздай Талдықорған қаласында көбіне
ескерткіштеріміз белгілі бір тұлғаларға арналып тұрғызылған. Ол тұлғалардың мемлекетімізде
алатын рөлі, тарихи маңыздылығы бар деп есептеп орнатқан ескерткіштер. Бүгінгі таңда
халықтың сұрауына, қолдауына ие болған маңызды тарихи
еске алу орындары болып
табылады.
Талдықорған қаласында тағы да көптеген ескерткіштер орнатылған, олардың шығу
тарихына да тоқталуға болады. Алайда біздің жұмысымыздың маңыздылығы осы жоғарыда
көрсетілген ескерткіштері арқылы бірнешеуін ғана атап өтіп, олардың қоғам арасында өзіндік
маңыздылығы бар ма, халық қаншалықты жиі баратындығы, еске алатындығы, ел арасында
аталып өтілетіндігі, мемлекет тарапынан жады және мәдени мұра аясында қаншалықты
деңгейде қолға алынғандығын көрсету. Ал осы мәселелердің барлығы өз тарапынан өзекті.
Қорыта келгенде, бүгінгі күні мемлкет тарапынан жады және мәдени мұра саясаты
аясында жасалып жатқан жұмыстары, олардың әр аймақтарда жүргізілу ерекшеліктері, түрі
өзіндік белгілі бір оқиға. Тарихи мұраларымызды «еске алу», «есте сақтау»
тарапынан
жүргізіліп жатқан іс-шараларымыздың еліміз тарапынан қолдау табуы мемлекетіміздің
маңызды жұмыстары деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: