1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Сынып тақтасы
– алдыңғы қабырғаның дәл ортасында, бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 
сыныпта 95 см, жоғары сыныпта 100 см бйіктікте ілінеді. Ұзындығы 3 м, ені 1,2 м беті тегіс, бірақ 
жылтыр емес, түсі қоңыр немесе қою жасыл болады. Сурет, сызу сабағы өтетін сыныптарда қара түсті 
болады.


Тақтаның төменгі шетіне бор ұнтақтарын жинайтын жіңішке астауша болады. 
Сыныпта көрнекі құралдар мен оқулықтар сақтайтын 
шкафтар
болады. Олар ықшам болу керек 
және бөлменің артқы қабырғасына орналастырылады. 
Мұғалімнің үстелі мен орындығы отырып тұруға ыңғайлы болғаны дұрыс. 
Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасы кемінде 15-20 см болу керек. 
Оқу-техника құралдары (теледидар, магнитофон, кодоскоп т.б.) бөлмені тарылтпайтын, шаң-
тозаңды жинамайтын жағдайды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде арнайы бөлмеде сақтау 
керек. 
Диафильмдерді 7-15 минут, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минуттан артық 
көрсетуге болмайды. 
Зертханада 1 не 2 кісілік үстелдар мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі болады. Бір 
оқушыға 65-70 см кеңістік қажет. 
Зертханалық үстелдің ұзындығы 130-140 см, ені 60 см, биіктігі 75 см және тартпасы болады. 
Зертханалық үстелді орнықты бекітіп, оған су және электр сымы өткізіледі. 
Үстелдің беті қышқыл-сілтілерге төзімді заттардан жасалады. 
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болады. 
Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды препараторлық бөлмеде орналастырады. 
Шкафтың ішінде улы заттар, күшті сілтілер мен қышқылдарды сақтауға болмайды. Оларды арнайы 
орындарда сақтайды. 
Мектепте, зертханаларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік көмек ережелері мен дәрі-
дәрмек жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болу керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет