Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойлатын талаптар Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Жазғы
демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Сондықтан оқу жылының басында өткенді
қайталап, жаңа тақырып өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп
бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында қайтадан жеңілдене бастайды.
Сабақ кестелері апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады.
Аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады да, бейсенбі күннің аяғында шарашау байқалады,
жұма, сенбі күндері қабілеті төмендейді. Демалыстан кейін дүйсенбі күні зейіні төмен болады.
Сондықтан сейсенбі-бейсенбі күндері қиын пәндерді қою керек. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және
қиын пәндердің мөлшерін азайту қажет.
Қиын сабақтың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Қиын пәндерге: физика,
грамматика, математика, химия пәндері жатады.
Күнделікті сабақ саны төмендегідей болғаны дұрыс:
-
1-4 сыныптарда күніне 4 сабақтан;
-
5-7 сыныптарда 6 сабақтан;
-
жоғары сынптарда 6-7 сабақтан аспау керек.
Мектеп оқу-құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп оқулықтары тез тозбайтын ақ немесе сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Кітаптың
мұқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болатын, салмағы жеңіл және оңай дезинфекцияланатын болу керек.
1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8 мм,
әліппелерде – 4,5 – 3,5 мм; 2-4 сыныптар үшін – 2,1 – 1,75 мм; 5-11 сыныптар үшін – 1,75 – 1,50 мм.
Әріптердің жолының ұзындығы 100-110 мм.
Көрнекі құралдар ақ қағазға жасалады, әріптерінің биіктігі кемінде – 3 см.
Қалам-қарындаштардың жуандығы – 7-8 мм, ұзындығы – 140-170 мм.