А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет103/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

әуезе жайынан ескерту
Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-бірі-
не көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі, олар 
шыққан заманда халықтың бәрінің, бір ананың қолында өскен 
балалар сияқты, көргені, өнегесі, үлгісі бір болған. Ол уақытта 
қай халықтың та болса табиғат бауырында болып, табиғат 
тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап өмір шеккен. Ол 
заманда адам табиғат ісіне өзгеше қарап, табиғат күшін өзгеше 
ұғып, бәріне өзінше мағына берген. Ол уақыттағы адамның 
санасын, саңылауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге қайта 
түсуіміз керек. Сонда ғана дәу пері, жезтырнақ, жалмауыз кем-
пір, тағысын тағылар жайынан айтылған ертегілерге ойымыз 
ұйып, бойымыз балқып тыңдайтын дәрежеге жете аламыз. 
Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы біздің балалық 
шағымыз мысалды. Балалықтан шыққан адамға қайтадан 
балалық күйге түсуге қандай мүмкін емес болса, анайылық 
күйден шыққан халықтарға анайылықтан туған нәрсеге ден 
қойып, иман келтіру мүмкін емес. Сондықтан бұрынғылардың 
анайы күйдегі шығарған ертектері, ертегі сияқты әңгімелері 
анайы күйден өтіп кеткен. Бұл замандағы адамдардың көңіліне 
әсер етіп, бойын балқытып, ойын ұйыта алмайды.
Бұл сияқты сөздер заманында осы күнгі асқан ақындардың 
сөзінен де күштірек адамға әсер етіп, бойын, ойын алып, қанын 
қайнатып, жүрегін аттай тулатқан әңгімелер шығар. Ол әсерін 
бірақ бұл күнде көрсете алмайды, үйткені бұл күнгінің адамы 
ол күнгінің адамындай емес, ол күнгінің адамы табиғат заңын 
білмей, сырын танымай, табиғатта жоқ қасиетті бар деп білген. 
Кереметсіз нәрсені кереметті деп білген. Қысқасы, мәнісін біле 
алмаған, табиғат ісінің бәрін кереметке жори берген. Мұның 
аты жоққа илану болады.
Ол күндегілерге керемет көрінген нәрселердің бұл күнде 
алдауыш пердесі алынып, сыры білініп, сыриып, шыны ғана 
қалды. Күннің тұтылғаны қазаққа қанша қорқыныш кір-
гізіп, тасаттық бергізіп, қанша қой сойғызып, әурелеуші 
еді?! Бұл шақта күн тұтылуы от басындағы құманның отты 
көлеңкелегені сияқты ғана нәрсе болып шықты. Дауыл соғып 


265
бұрқырап, бір нәрсе ашуланған сияқты болып дүрілдеп, 
күрілдеп, көкті күркіретіп, тасырлатып, бұлттарды дүркіретіп 
айдап, найзағайды жарқылдатып, әуені тітіретіп, дірілдетіп, 
жапырып, жоқ қылатындай дауылдар, жауындар болады.
Табиғат бауырынан шықпаған, есі кіріп жетпеген, жас бала-
лар сияқты ақылы еніп жетпеген алғашқы адамдардың көңіліне 
ол сияқты әлеуметтер қандай қорқыныш кіргізбек! Қалайша 
мұны бір құдіреті күшті, керемет иесі нәрсе деп танымасқа?! 
Ол күндегі адамдар түгіл, күні кеше осы күнгі адамдардың 
көбі, молдалардың айтуымен, күн күркіреуін періштелердің 
бұлтқа айқайлағаны деп, найзағайды періштелердің шайтанды 
атқаны деп түсініп жүрген жоқ па еді?!
Бұл күнде бұрын керемет көрінген нәрсенің пердесі алы-
нып, беті ашылып, пердесі көрініп, күн күркіреуі, найзағай 
ойнау, кереметтен түк жоқ, құр «электр» болып шыққан жоқ 
па?! Бұл электріңді өнер-білімі бар жұрттар от пен су сияқты 
пайдаланып отырған жоқ па?!
Күн күркіреуін періште дауысына жору сияқты, найзағай 
ойнауын шайтанды атқанға ұйғару сияқты, табиғат ісін таны-
май, басқаға ұйғару, басқаға таңу бұрын көп болған. Сондықтан 
ғаламда жоқ адамда ғана бар яғни адамның қиялында орын 
алған нәрселер бұрынғы заманда көп болған. Жалмауыз кемпір, 
жезтырнақ, обыр үйі, жын, пері, албасты, марту сияқты нәрселер 
дүниеде жоқ, адамның қиялында ғана болған нәрселер.
Өнер, білім болмағандықтан, ол күндегі адам табиғатқа 
қожалық қыла алмаған, табиғат сырын біле алмаған. Табиғат 
күшінің көбі бір керемет болып көрініп, дүние неше түрлі 
Құдайлардың, перілердің, періштелердің, шайтандардың, 
жындардың быжынап жатқан ордасы, ұясы секілді көрініп, 
көңіліне қорқыныш кіргізген себепті алғашқы адамдар табиғат 
алдында қол қусырып, құлдық қып, бас ұрумен болған. 
Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, 
зырқыраған құйынның әрқайсысының істеуші иесі бар, 
құдайы бар деп ойлаған. Күлімдеп күнде көз салып, күйін-
жайын көріп, жарық беріп жадыратып, жылылық беріп мау- 
жыратып, мәз қылып отыратын «Күн құдайды» қара әбілет 
басып, қараңғыласа қауіптенген, қайғырған, бір дүкіртке 


266
ұшырады деп білген. Қыс деген әбілет келгенде, күннің күші 
азайып, ауырғандай болып, әлсірейді. Дүниедегі нәрсенің бәрі 
қысылады, мұздайды, қатады. Түсі қашып, өлік сияқты жатады. 
Күн жазыла бастағанда, жаз болады: бәрі жадырайды, жазыла-
ды, көгереді, көркейеді. Сүйтіп, қыс пен жаздың болуын «Күн 
құдайдың» әлсіреуі, күшеюінен болады деп білген. Күннің 
тұтылуын айдың тасалауы демей, қаптаған бір қара пәле деп 
білген.
Адам анайы шағында бала сияқты жанды, жансыз нәрсені 
айырмаған. Жандысы да, жансызы да бірдей тіршілік ететін, 
бірдей өмір сүретін сияқты көрінген. Қуыршағын, басқа 
ойыншық нәрселерін жанды нәрседей көретін балалар сияқты 
болған. Табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған соң, адамның 
өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, өзектес 
сияқты күйде өмір шеккен. Жансыз нәрселерді жанды деп 
таныған. Ол заманның адамы өлімді өлу деп білмеген. Өлгенін 
тірісіндей көрген, қару-жарақ сияқты тұтынған нәрселерін 
өзімен бірге қойған. Ішуге басына тамақ қалдырған. Қайратты 
адамдар тірісінде елді қорғап, қысылған, қиналған жерде 
ақылымен, айласымен иә болмаса қайратымен құтқарған бол-
са, ондай адамдардың өлгенде де жәрдемі тиеді деп ойлаған. 
Сондықтан қысылған, қиналған шақта әруағын шақырған.
Бәрі жору, жорамалдау, ұйғару айналасында болып, нәрсенің 
сырын тану, шынына жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, 
қиял жағы күшейіп, анайы заманның адамының ақылы нашар, 
қиялы күшті болған. Қиял ісін сынға салып тексеретін ақылы аз 
болған соң, қиялдаудың шеті, шегі болмаған. Адамның анайы 
шағындағы шығармалары орасан қияли, орасан кереметі көп, 
расы аз түрде айтылған. Анайы заманда адам бұл заманнан гөрі 
де күшті көбірек сыйлап, күшке көбірек бағынған. Көріктің 
пұлы болмаған, сондықтан күшті болған нәрселердің бәрін де 
құдай деп білген. Досынан қадірлеп, құдайдай көретіндері ба-
тырлар болған.
Батырлары елінің қорғаны болған. Табиғат жауын да, адам 
жауын да қағысқан жерде батыры күшімен, ісімен мұқатқан. 
Ондай адамдарын құдайдай құрметтеп, батырлығын, қайратын 
жыр қылып, аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен.


267
Ол жырларын бас қосқан жерде айтатын адамдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет