А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет111/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

7. терме 
(яки түрлі өлеңдер).
Терме деп ат қойылуынын 
мәнісі – бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп 
тұрмай көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді. Көп нәрсені сөз 
қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі 
шөптің басын шалып оттап, тоқтамастан, желге қарай тартып 
бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сөз 
қылып, бірақ ешқайсысына айналмастан, кідірместен, ілгері 
қарай сырғи береді. 
М ы с а л:
Арғымақ жабы көрінер 
Аса шауып бұланса. 
Айдын көл батпақ атанар 
Айдыны құрып, суалса. 
Бәйтерек сабау көрінер 
Жапырағы түсіп, қуарса. 
Біраз ғана сөйлейін, 
Жақсылар, сізге ұнаса.
Арғымақ жайлап не керек, 
Артынан жабы жеткен соң?
Ағайын, туған не керек, 
Аңдысып күні өткен соң? 
Қызыл тілім, сөйлеп қал! 
Қызығыңды жер көрер 
Ажал қуып жеткен соң! 
Айт дейтін аға сіз қайда? 
Айтатын оны біз қайда, 
Бір төбенің басына 
Тыға салып кеткен соң!
Сипаған сиыр білмес қызметіңді, 
Сыйлаған жаман білмес құрметіңді. 
Әрқалай бір сияпат еткен жаман, 
Болады атқарғандай міндетіңді. 
Кейбіреу өз жалына өзі малай, 


285
Бейнет көп, рақат жоқ дәулетінде. 
Жаз ыстық қыс суықпен өмір шегіп, 
Кетпей ме, бір күн тастап нәубетінде?!
Жаманның етек-жеңі тар секілді, 
Қабағы ашылмаған қар секілді. 
Сүйейді жамандарды кейбір сабаз, 
Бүтінді аудармайтын нар секілді.
Қосылса екі жақсы хан секілді, 
Ләззаты бір-біріне бал секілді. 
Бір жерге екі жаман сыйыса алмайд, 
Мінезі сиыр деген мал секілді.
Жақсылар жағасы кең тон секілді, 
Лайық етек-жеңі мол секілді. 
Жақсының бір жаманға ісі түссе, 
Қос артқан ит үстіне жол секілді.
Қосылса екі жаман ду болады, 
Қараңғы жүрген жері бу болады. 
Күні-түні дау-жанжалмен өмір өтіп, 
Рақатсыз ішкен асы у болады.
(Зауықтау нұсқаларын нұсқалықтың 
40, 54-інші нөмірлерінен қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет