А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет105/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

АУЫЗ ӘДЕБИЕТ
Қазақ ауыз әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі екі 
салаға бөлінеді: 1) 
сауықтама
, 2) 
сарындама.
Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер 
кіреді.
Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт сарынымен 
айтылатын сөздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға, 
тараулары тармаққа, бұтаққа бөлінеді.
Сауықтама екі тарау болады: 1) 
ермектеме
, 2) 
зауықтама.
1. сауықтама (сауық сөз) саласы, тараулары
1) Ермектеме (ермек сөз). 
Ермектеме деп ермек үшін 
сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен: ертегі, ертегісімек, 
аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш 
сияқты сөздер.
ертегі. 
Ертегі қиялмен қисынын келтіріп қызықты ету 
сияқты мақсатпен шығарған әңгімелер. Ертегінің ішіндегі 
уақиғалар, уақиғаға қатысқан нәрселердің көбі дүниеде жоқ, 
қиялдағы уақиғалар мен нәрселер болады. Сондықтан әдебиет 
тарихшылары ертегілерді адамның жоққа нанған шағындағы 
сөзі деп есептейді. Дәу, пері, жалмауыз кемпір, жезтырнақ 
сияқты нәрселерге бұрынғының адамдары құдайдай, періште-
дей, пайғамбарлардай, әулиелердей иланған заманда шыққан 
сөздер дейді. Ертегілер солай болуға тиіс жөні де бар. Ертеде 
шыққан әңгіме екендігін ертегі деген аты да көрсетіп тұр.
Ертегілер өтірік болғанымен мағынасыз болмайды, көбіне- 
се ішкергі астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Жақсылық, 
жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, 
қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық, тағысын 
тағы сондай жақтан өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақсатымен 
шығарған әңгімелер екендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі 
қалыптың жағдайына қарамай, бәрінен қиял бетімен өтеді. 
Сондықтан ертегіде жаны жоқтар жанды болады, тілі жоқтар 
тілді болады. Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп кетеді.


270
Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай 
жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1) халықтың 
ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ, олай болса, ертегі 
тіл жағынан керек нәрсе. 2) Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі 
баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе, ба-
ланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3) Бұрынғылардың 
сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек беруімен керегі бар 
нәрсе.
Ертегі – халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы. 
Ол қорда қазірде шашылып, төгіліп, жылдан-жылға азайып, 
жоғалып барады. Ғылымды жұрттар бұрынғы адамның 
тұрмысын, халін жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің ас-
тынан қазып, тұтынған нәрселерінің жұрнағын табуға қанша 
еңбек қылады! Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап ер-
теде болған аталарымыздың өткен тіршіліктерін жорамалдауға 
болады, сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді жинап, 
жоғалмасына қам қылу борышым деп білу керек.
Қазақта ертегі көп, мұнда бірнешеуін атап өтеміз: 1) «Қара 
батыр», 2) «Тазша бала». 3) «Алтын айдар», 4) «Хан Шынтай», 
5) «Еркем Айдар», 6) «Арам пейіл, ақ пейіл», 7) «Әжігелді», 8) 
«Хан қызы», 9) «Тазша», 10) «Түлкі алдауы», 11) «Дуадар қыз», 
12) «Үш ұл», 13) « Балықшы жігіт», 14) « Қара көз сұлу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет