неке қияр. Неке қияр сөз деп неке қияр кезде екі ара-
да жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған
уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды,
бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады.
Куә, куә, куәдүрміз,
Куәлікке жүрәдүрміз.
Мұнда халық қасында,
Таңда хақ қасында,
Екі кісі хақ куәлік бередүрміз.
Пәленшеден жазған (әкесін айтады), пәленшеден туған
(шешесін айтады) пәленше қызды (қызды айтады) халал
жұптылыққа қабыл көріп, алдыңыз ба?
Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында
«пәленшеге халал
4
жұпты болдыңыз ба?» дейді.
Беташар. Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді.
Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді.
Үйге кірген соң да алдына шымылдық құрып, қыз-келіншек,
бала-шағалар ғана болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. «Бе-
ташар» айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық алынып,
ғұрып бойынша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң
көрінеді.
Беташарды әндетіп айтпайды, жай шұбыртып, өлең түрінде
ұйқастырып айтады. Беташар әуел басында толып жатқан
нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып,
келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада
шығарған сөз. Бұл күнде «отқа май салу» сияқты ғана әдет
мағынасына айналып кеткен беташар түрі қандай болатыны
«Өлеңді сөйлемдер» деген бапта көрсетілген.
жоқтау. Жоқтау – өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау
көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның қатыны,
иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген
істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін
шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз – жоқтауды
көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын
лұғатты келеді.
Мысалы: Бөпе төренің қарындасы күйеуі өлгенде жоқ-
тағаны:
4
Халал — араб сөзі, «заңды», «рұқсат етілген» деген мағынада.
296
Күлдер белбеу белімде,
Азалы болдым елімде.
Бөпекем жарлық берген соң,
Жүре бердім жөніме.
Бас, бас өлім, бас өлім,
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жайқалтып,
Жарлыны алған осы өлім.
Құдай досты Мұхаммет,
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған
Әліні алған осы өлім.
Өлімнің несі уайым?
Бұл істі салған Құдайым!
Қара бір шашым жаяйын!
Жаяйын да жияйын!
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
Күнде қанға бояйын!
Албыраған ақша бет,
Сүйегіне таяйын!
Мөлдіреген қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қояйын?!
Орқаш та орқаш, орқаш тау!
Бауырың толған көк бастау!
Топ ішінде қиын да екен
Жалғыз енді сөз бастау.
Басыма салған қарам не?
Мен жыламай, кім жылар,
Бетімдегі жарам не?
Бұғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбижан,
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем, қанатым,
Әкем қосқан қосақтан
Айырды шебер Құдайым.
297
Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен бек тарттым.
Алдынан жүрмес әкекем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.
Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғанын бейбақ сағынса,
Қаннан ендік (далап) жағынар.
* * *