303
болған малды, күлапсан болған
адамды ортаға ала қоршай
отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып, «Көш! Көш!» деп,
анда-санда айқайлап қояды. Өлеңдері онша көркем болмайды.
Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік
пен күлапсан өлеңі бір мазмұнды болады.
М ы с а л д а р:
Айтамын айт дегеннен, айда күлап!
Жыландай сүйегі жоқ майда күлап!
Күләбі
бұл баланың аяғында,
Болмаса аяғында, қайда күлап?
Күлапсан бұл баланың көзінде еді,
Көмекей
көзінде емес, безінде еді.
Бір қиял айтпайын деп ойлап едім,
Бұл бала өлемін деп безілдеді.
Күлапсан,
көшер болсаң, қалаға көш!
Қаланың іші толған шанаға көш!
Таппасаң онан жайлау,
мен айтайын,
Қалада көзі шегір балаға көш!
Күлап құрғыр деген соң, күлап құрғыр!
Шоңқайып жол үстінде ома тұрғыр!
Жеріне ома тұрған жасыл түсіп,
Оқ өтіп, тас төбеңнен Құдай ұрғыр!
Ұшына орамалым түйдім тары,
Кетпейді жаз да болса таудың қары.
Көш! Көш! –
деп біз кетелік, жүр!
Кетелік! Күлаптың көшіп кетсін қалмай бәрі.
(Жиенғали жиғаннан)
Достарыңызбен бөлісу: