толғау
.
Діндар дәуірдің ақындарының толғауларында да,
діндар дәуірдің жырларында да дін әсері барлығын төмендегі
мысалдардан көруге болады:
Дін үшін шәр түзеп, мешіт салсам!
Хақ жолға жаннан кешіп бағыштасам.
Азаншы даусын естіп риязатпен,
Намазға бес уақыт жаяу барсам.
Мінберде уағаыз айтып тұрса имам,
Хақ іске қайым тұрып, сонан қансам,
Мүдәрріс медреседе дәріс айтса,
Шәкіртке күнде екі рет түйе шалсам.
Астыртын қалипамен ақылдас боп,
Күн сайын телеграммен хабар алсам.
Осындай қазақ затта бір ер бар деп,
Жұртына дар исламның анықталсам.
.........................................................
Жүсіпбек, Ақыметбектердің жырында Ақыметбек ағасы
Жүсіпбекке айтқан бір сөзі:
Айналайын ағажан,
Бұл кәпірге жалынба!
Көкірегің жасытып,
Бұрынғы күнді сағынба!
Қазам жетсе, өлермін,
Бұйрығын хақтың көрермін.
Патша Құдай жар болса,
Көзел шайы кәпірдің
Жан жазасын берермін.
Ғашықтық толғауында мұсылмандық, кәпірлік, шариғат
сияқты нәрселер айтылмағанмен, діндар дәуірдің тіл әсері
айқын көрінеді.
Бейісұлы Төлегеннің ғашық зарында мынадай сөздер бар:
Сәукілу сәлем жаздым «сат», «беб», «лам!»
Қайғылы көкірегім, көзімде нәм.
Даражаң қатарыңнан асқан еркем,
Екі «ти», бір «нұн» менен еттім кәлам.
Налышым көкке жетер етсем паған,
318
Бұл сырым халыққа мәлім, күмән саған.
Өмірім аз ба, көп пе өткенінше,
Қайғыңды түгесе алман етіп баян.
Біраз күн ойнап-күлдік, көңіл ашып,
Күн қайда шер тарқатар, көңіл басып?
Бұрынғы өткендерден қалған мирас —
Айрылмақ сүйгенінен неше ғашық.
Бұл күнде көңіл мәлүл менің әман,
Мақшұтым тауыса алман етіп баян.
А, дариға, дүниеде қатты қасірет
Айрылмақ көз алдыңда сүйген жардан.
Екінші біреудің толғауында мынадай сөздер бар:
Сипатың пері заттың баласындай,
Көп ойлап, зарланамын шарасыздай.
Өзіңмен қатар қызға көзім салсам,
Араңыз жер мен көктің арасындай.
Мақтауың жазғанменен таусылмайды,
Өлкейек абырғаның саласындай.
Өзгеден бір омыртқаң артық, еркем,
Сыдыратіл, Мұнтағаның ағашындай.
Діндар дәуірдің налыс толғауының түрі мынау:
Аса соққан борандай
Өтемісің, күндерім?
Ғаси болып Аллаға,
Бұзылмағай діндерім.
Асулы дар астында
Зар айлаған тілдерім!
Баба түкті сопы Әзиз!
Көзіңді салшы, пірлерім!
Қолымды кәпір байлаған,
Аспаққа дарды сайлаған.
Балаудақтың көлінде
Қырық жігіт, сені ертіп,
Күндерім кәні, ойнаған?!
Мақсатыма жетпедім
Дүниедегі ойлаған.
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы бір Құдай,
Құлым дейтін күніңді.
Қайрат қылып қан төкпей,
Қапалықта кеткенім.
319
Алды-артыңа қарамай,
Рас па, дүние, өткенің?
Егер қапы қалмасам,
Бұл секілді дінсізге
Пенде болар бек пе едім?
Ақырын тілеп бұл істің,
Падишасы ғаламның,
Бір өзіңнен күткенім.
(Жүсіп, Ақмет)
Достарыңызбен бөлісу: |