373
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар»
деген шумақ 1991 ж. басылымда:
«Қиналып, кім болсаң да, тарыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп, жабықпаңдар!
……………………………………………
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар» –
деп, өзгеріске ұшыраған. Ал, 1989 жылғы басылымда өзгеріссіз
берілген.
Өлеңді сөйлемдер
.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда
«Ше
-
шем-ай...»
деген сөз 1991 жылғы басылымда
«Шешем-ай!...»
деп леп-
ті сөйлем ретінде берілген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы:
«Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!»
деген шумақ 1991 жылғы жинақта:
«Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Қанша жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын шешемдей болмақ қайда, жар-жар!
деп өзгеріске ұшырап, алғашқы жол 1991 жылғы жинақты шығарушы
тарапынан қосылған.
Түпнұсқадағы:
«Айт, келін, айт, келін!
Аттың басын тарт, келін!
Жұмыртқадан ақ келін»
деп басталатын өлең шумағы 1991 жылғы басылымда:
«Айт келін, енді айт, келін!
Атыңның басын тарт келін!
Сауысқаннан сақ келін!
Жұмыртқадан ақ келін!»
деп өзгеріске ұшырап, өлеңнің 2-ші тармағынан кейіп
«Сауысқаннан
сақ келін»
деген 3-ші тармақ қосылған.
Достарыңызбен бөлісу: