57
Аюдан Адам нашар болғаннан соң –
Ере алмай кейін, артта қала берді.
Сонда оған Аю айтты: «Жеке-тақ жан!
Айтайын мен бір ақыл, құлағың сал!
Күзетіп жан жолатпай мен тұрайын,
Сен ұйықтап біразырақ тынығып ал».
Жеке-тақ
жолдасының тілін алды,
Шапанын шешті-дағы, төсеп салды.
Болдырып күні бойы жүрген бейбақ,
Жатты да, бір есінеп, ұйықтап қалды.
Ал енді Аю тұрды қарауылда,
Кінә жоқ, бағып досын қарауында.
Қорылдап
ұйықтап жатқан жеке-тақтың
Бір шыбын келіп қонды танауына.
Шыбынды келіп қонған Аю көрді,
Бір қуып жіберіп ед, қайтып келді.
Үркітіп әлденеше қуса дағы –
Кетпеді қайта-қайта қона берді.
Шыбынға Аю қатты ашуланды,
Көтеріп жерден әйдік бір тас алды.
Және кеп маңдайына қонған шақта –
Таспенен пәрменінше қойып қалды.
Ұрған
тас дәлдеп тиді Жеке-таққа,
Кез болған қай оңды дос ол бейбаққа?
Я қаза, я бәлеге жолығарсың –
Егер де болсаң жолдас ақымаққа.
Тас тиіп, бас сүйегі қақ айырылып,
Фәниден көшті сорлы бақи жаққа.
Қайырын зайғы етсе, керегі не?
Кез қылма, ондай достан, Құдай сақта!
* * *
Жігіттер,
сақтаныңыз надан достан,
Досыңнан, надан болса, артық дұшпан.
Белгілі жаудан кісі күтінеді,
Тиеді достың оғы қапылыстан.