173
1. От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар оқтаудай.
Жауырыныңа қарасам,
Сыпыра шапқан тақтайдай.
Құйрығыңа болайын,
Қынаптан шыққан қанжардай.
Жалыңа
сенің болайын,
Күлтеленген жібектей.
Шықшытыңа болайын,
Оралып жатқан түбектей.
Құлағыңа болайын,
Көлге біткен құрақтай!
Қабағыңа болайын,
Қара албасты қабақтай.
Бауыздау жеріңе болайын,
Піскен алма сабақтай.
Екі көзіңе болайын,
Қорықтан жанған шырақтай.
2.
Астына мінген Тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған
қамыс құлақтан,
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
3.
Бұқар барсаң құлан бар,
Құлаңды көр де, шашым көр.
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар.
Түймені көр де, басым көр.
174
Теңеу екі түрлі:
1. Әншейін теңеу; 2. Әдейі теңеу. Екеуінің
арасындағы айырмасы сол:
әншейін теңеу
– әдетті теңеу бола-
ды. Мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі
«удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер.
Әдейі теңеу
жоғарыда келтірілген мысалдардағы теңеулер.
Достарыңызбен бөлісу: