А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет54/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

4. тіл дәлдігі
Тіл дәлдігі 
деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес ке-
луі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын 
дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе амәндес 
сөздер.
Амәндес сөз 
деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәсе- 
лен, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты 
сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен әрқайсысының 
өз алдына өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай, бірін бірінің 
орнына айтса, лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Тіл дәлдігіне 
мынадай орындарда кемшілік келеді
Сөйлем ішіне орын алып, оралғы болудан басқа қажеті жоқ 
сөздер кірсе.
М ы с а л:
а) Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш
келеді;
ә) Өз көзіммен көріп, көз алдымнан атқарып келіп отыр-
мын;


169
б) Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді.
Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса, орны ойсырамай-
тын сөздер «мал жиғыш», «пайда тапқыш», «көз алдымнан 
атқарып», «қалыптанған» деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде 
тұрғанда ғана толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ.
Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мәселен, 
«Мен қартайған шағымда байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ 
деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, әлі жоқ деп 
асыраған жоқ» деген сияқты. Бұлай айтудың сырты көркем 
сияқты көрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек 
сөздің, сөйлемнің қарасын көбейтеді.
5. тіл көрнектілігі
Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстіне талғау 
сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз зат-
тан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды 
заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық 
түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі заттарша, бер-
несіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды 
заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу яки күн 
бүркіп тұр, найзағай ойнады, су қайтты деу я болмаса қазанның 
құлағы, ошақтың бұты, үйдің төбесі деу дерексіз заттарды де-
ректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бернесіз заттарды 
бернелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, әдетті 
сөзге айналып кеткен. Мұндай сөздер жалғыз әдетті түрінде 
емес, әдейі де айтылады. Мәселен, Мағжанның «Толқын» де-
ген өлеңінде толқынның толқығанын бернелеп, түсінікті түрде 
көрсету үшін әдейі жанды нәрседей ғамалдап, былай дейді:
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Толқын мен толқын жарысад
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен.
* * *
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,


170
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетер ентелеп.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Осы сияқты өң берілген сөздер 
көрнекі тіл
делінеді. Тіл 
көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз 
нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына 
келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз 
ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер 
негізгі түріне қарай үш тапқа бөлінеді: 1) 
көріктеу
; 2) 
меңзеу

3) 
әсерлеу
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет