А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет55/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

Көрнектеу
Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп 
айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей 
сөз қосып айтамыз. Мәселен, «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», 
«Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандарды бірінен-бірін айы-
рып, әрқайсысын айқын шығару үшін Мұқан деген сөзге басқа 
сөздер қосып отырмыз. Атымтай Жомарт, Жиренше шешен
Қаз дауысты Қазыбек деу де айқындау мақсатпен айтқаннан 
шыққан.
Бұл келтірілген мысалдардағы «қара», «сары», «болыс», 
«жомарт», «шешен», «қаз дауысты» деген сөздер айрықша 
мақсатпен әдейі айтылып тұр. Сондықтан айқындаудың 
бұл түрі тек айқындау ғана болады. Мұнан басқа көркейту 
мақсатпен айқындау бар. Мәселен, «қызыл тіл», «алтай түлкі», 
«ақ сұңқар» деген сияқты. Бұлай айқындау басында айыру 
мақсатпен айтылса да, соңынан көркейту мақсатпен айтуға 
айналған. Бұл күнде қызыл түлкі, ақ сұңқар дегенде, «қызыл», 
«алтай», «ақ» деген сөздерді көбінесе көркейту үшін айтып 
жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі 
көркейту 
деп 
айтылады. Көркейту я жалпы сипатты болатындай етіп айту-
мен болады. Асылында, айқындау нәрсені иә көркейту үшін ай-
тылады, иә лақаптау үшін айтылады. Сары арқа, сары қымыз, 
шалқар көл, самал жел, алалы жылқы, ақты қой, әділ би деген 


171
сияқты лебіздерде сары, шалқар, самал, алалы, ақты, әділ де-
ген айқындау болады. Бұл айқындау көркейту үшін айтылып 
отырған айқындаулар. Асан Қайғы, Ер Тарғын, Қара Қыпшақ 
Қобыланды, Қаз дауысты Қазыбек, Бұғабай басшы, Орынбай 
ақын деген лебіздерде қайғы, ер, қара қыпшақ, қаз дауысты, 
шешен, ақын деген сөздер лақаптау үшін айтылып тұр.
Көркейте айқындау ақындар сөзінде көп келеді.
Мысалдар:
1. Ақ таудай аққан ақ бұлақ,
Айдынға құяр аққан су.
Алалы жылқы, ақты қой
Аңдыған бөрі кірмес пе?!
Иесі ұйықтап жатқан соң.
Алтын тақты әділ хан
Адасқан аққу халықтан соң.
 (Байтоқ ақын)
2. Біз кеттік абайсызда елден шығып,
Жол тарттық құба шыңға Жемнен шығып.
Тамызда қызыл мұнар астық шөлге,
Қаз қонған баттауықты көлден шығып.
 (Сүгір ақын)
4. Ақтөбе мен Қорғаншы
Асан Қайғы бабаның
Қызыл тастан үй салып,
Әңгіме құрып кеткен жер.
 (Мұрат ақын)
5. Байлауда қалған ақ сұңқар
Бұрынғыдай бола алмас.
Көлден үйрек ала алмас
.............................................
Балдағы алтын ақ болат,
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.


172
Оза шауып олжа алған,
Таласты жерде жолды алған.
Жасанған жауға қол салған,
Қарт қожақ деген ер едім.
Алла тізгін оңдаса,
Көк сүңгіні салармын.
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.
 («Ер Тарғын»)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет