177
Үстіне кигені кілең жібек иә кілең былғары дейміз (киім ор-
нына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кеншімбайдың
айтысқан өлеңінде Кеншімбайдың сөзінде былай деген жері
бар:
Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі,
Меймандос, келсе қонақ барша жұрты.
Шығады қыз,
бозбала серуенге,
Үстіне масаты мен киіп құлпы.
Мұндағы алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйым-
дардың істелген затын – алтынды айтып отыр. Масаты мен
құлпыдан істелген заты – масаты мен құлпының өздерін алып
отыр.
Абайдың сөзінен яки кітабынан көшіріп жаз деудің орнына
«Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін атаймыз.
Кейіптеу
Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп, тұрпаттау
кейіптеу
деп айтылады. «Қылышын сүйретіп қыс келеді» де-
генде қиялыңа қылыш сүйреткен адамның сүгіреті келіп түседі.
Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жан-
сыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, адамның істейтін
ғамалын телігендіктен, қыс бізге адам сүгіретінде келіп көрініп
отыр.
1.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
(Абай)
2.
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Кавказдан
шықты жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол кернеп, ұлғайды су.
178
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Кавказдай
құзда туған перзенттенмін,
Бұлттың суын ішіп ержеткенмін.
Қазбектен ағам сені көксеп шығып,
Кім қақтықса, жолымда күйреткенмін.
Зор кеуде азаматтың айласына
Көнбей бүкіл күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп айғайласам,
Шын құтырсам шың-тасты тербеткенмін.
Аптығып
асау інің келді, ақсақал!
Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал.
Демалайын деп келдім аш, қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, хош көріп ал.
(Абай)
Достарыңызбен бөлісу: