203
ыс көтеріліп,
төмендеп, әнше оралып, қайырылып отырады.
Сондықтан өрнекті сөйлем
оралым
(яки шұбыртпа) деп атала-
ды. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы
болады да,
екіншісінде пікір баяны болады, сондықтан бас-
тапқы тақырыпшы мүше делініп, екіншісі баяншы мүше де-
лініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып, жай сөйлем-
ге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті
сөйлемге айналдыруға болады, өйткені өрнекті сөйлем қанша
үлкен болғанмен яғни ішіне
кіретін сөйлемдер қанша көп
болғанмен бәріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады.
Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға да, шағындап, аз
сөйлеммен айтуға да болады. М ы с а л ы:
1. Қисапсыз
бай болсаң да Қарынбайдай,
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай,
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп,
Болсаң да
әйдік батыр Арыстандай,
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен,
Ақырда жатар орның тар лақат жай.
(Алтыбас Ақмолда)
Мұны шағындап аз сөйлеммен былай айтуға болады: «Бай
да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де – бәрі де ақырында
бір өлмек».
2. «Халық басына қайғылы күндер
туған заманда қайрат
көрсетпеген азамат азамат емес» деген пікірді көп сөйлеммен
ұлғайтып, былай айтуға болады: «Қаптаған қара бұлттай тор-
лап, түрлі пәле халық басына орнап, не қыларын біле алмай,
ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта, бар
шырағын жақпай, бар қайратын сарып қылмай,
өз басының
амандығымен болып, ұранға шаппаған азамат – ол халық ал-
дында жоқ азамат, не ол жаны бар болғанмен, жануарлықтан
шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын басының
пайдасына, бастықтық орынға, патшаның аңғарына сатқан аза-
мат болады».
(Темірше)