Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет38/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

идентификацияланатын объект
(Идентифицируемый объект) – мыс.: қылмыскер 
қылмыс жасаған кезде қару қолданған болса, осы қаруды идентификациялау арқылы 
дəлелдеу мəселесі шешіледі. Қылмыскерлерден алынған қару идентификацияға жататын 
объект болып табылады.
идентификациялауға пайдаланатын объект
(Идентифицирующий объект) – 1. оның 
көмегімен идентификация жүргізілетін объект. Мысалы, қылмыскер қолданған 
тапаншаның идентификациясын оқиға болған жерде табылған оқ жəне гильза бойынша 
жасауға болады. 2. оқиға болған жерде қалған іздің үлгісі. Мақсаты: осы іздің үлгісі 
арқылы іздеген затты табу. Мыс.: оқиға болған жерде қалған қылмыскерлердің аяқ киімі 
ізінің үлгісі алынып, сезіктінің аяқ киімімен теңестіріледі. Іздің үлгісі арқылы сол аяқ киім 
ба, жоқ əлде басқа ма деген сұрақтар шешіледі. 
инвентаризация
– мүліктің, ақша құжатының сақталуын, өзара есеп айырысудың 
дұрыстығын тексеру. И. Бухгалтерлік есептің ішкі бақылау əдісі. И. Ұрлық, тонау, 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 21 Барлығы 
30
қарақшылық,өрт қою,біреудің мүлкін уақытша иелену немесе ысырап ету, жасалған 
банкроттық жəне т.б. қылмыстарды тергеуге кеңінен қолданылатын əдіс.
иістік іздер(
Запаховые следы) – криминалистік одорологияның объектілері. Иістік іздер 
адамның, жануардың, заттардың іздері боуы мүмкін. Олар қылмыстардың ізін суытпай 
ашуға, сондай–ақ идентификациялауға мүмкіндік береді.
идентификациялық белгілер(
Идентификационные признаки) – қ. Белгілер.
йодты түтікше
(Йодная трубка) – йодтың буымен қол іздерін табу үшін арналған 
құрылғы. Түтікше арқылы зерттелетін объектіге бағытталатын жəне йод буларын бойына 
сіңірген ауаны үрлеу арқылы о.б.ж. қалған ізді алуға болады, йод кристалдары бар шыны 
балоннан тұрады.
йодтық камера
(Йодная камера) – көзгк көрінбейтін қол іздерін байқалатын етіп 
шығаратын йод буларын қарқынды айдауға арналған электрлік сублиматоры бар камера. 
Дактилоскопиялық зерттеулер жүргізу үшін лабораториялық жағдайда пайдаланылады. 
криптография 
– құпия жазу, іске қатысы жоқ адамдарға мəтін түсініксіз болу үшін 
қолжазуды өзгертіп жазу жүйесі. Қылмыскердің құпия қатынасып тұру тəсілінің біріне 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет