жеке тергеу әрекетінің тергеу ситуациясы (Следственная ситуация отдельного
следственного действия) – бұл тактикалық шешімді, тактикалық əдістерді қабылдау үшін
маңызды, тергеу əрекетінің мəн-жайларын сипаттайтын ақпараттар жүйесі. Мыс.: оқиға
боған жерді қарау, жауап алу, тінту кезіндегі тергеу ситуациялары.
жақыннан ату ізі( Близкого выстрела следы) – баллистикадағы жарылғыш заттардың
механикалық қимыл əсерінен объектінің материалдарының шашырауы, қақталуы; металл
бөлшектерінің, оқтың сыртқы қабатының, толық жанып кетпеген оқ-дəрі бөлшектерінің
енуі. Бұл іздерге байланысты жақыннан атылған атыстың ара-қашықтығы 0,01 м деін
анықталуы мүмкін.
жарылыс (Взрыв) – аз уақыт ішінде көп мөлшерлі қуаттың аз көлемінен бомау процессі,
соның салдарынан толтырылған зат, қатты қыздырылған жоғарғы қысымды газға
айналады. Жарылыс кезінде ауада толқындар пайда болып тарайды.
жазу материалы (Материал письма) – 1. қолжазу сараптамасында қолжазба жазылған зат.
Қарапайым Ж.м. – қағаз, бланк; əдеттен тыс – картно, мата, ағаш, фанера жəне т.б. 2.
құжаттардың техника-криминалистикалық сараптамасында – мөрдің таңбасын,
қолжазбалық жəне баспа міндеттерін түсіру үшін пайдаланатын заттар.
жасырын із( Латентный след) – тікелей көзбен көруге мүмкін емес із (көрінбейтін із).
жағдаяттық сараптама (Ситуационная экспертиза) – іздер мен объектілер бойынша мəн-
жайларды зерттетін, оқиғаның механизмін немесе оның элементтерін анықтайытн
сараптама.
жеке сараптама (Единоличная экспертиза) – тергеушінің (соттың) қаулысы (ұйғарымы)
бойынша бір сарапшының жүргізетін сарапшылық зерттеуі.
жетекші сарапшы (Ведущий эксперт) – комиссиялық жəне кешенді сараптамалар жүргізу
кезінде сарапшылық мекеме басшысының тапсырмасы бойынша сарапшылар комиссиясы
мүшелерінің іс-əрекетін ұйымдастыруды жүзеге асыратын сарапшы.