контратип – қарсы негативтен түссіз фотоматериалға түсіріліп жасалынған негатив
немесе аралық позитив.
контратиптеу (Контратипирование) – негативте контрасты (қарама–қарсылық) күшейту
үшін бір негативтен бірнеше контратип жасау əдісі. Құжаттарды зерттеуде,
дактилоскопияда пайдаланады.
криминалистика – қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс жəне оған қатысушылар
туралы ақпараттың пайда болуы, дəлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау жəне пайдалану,
осы заңдылықтарды түсініп оған сүйене отырып, қылмысты ашуды, тергеуді жəне алдын–
алуды ғылыми қамтамасыз ететін арнайы əдістер мен тəсілдер туралы ілім.
криминалистік тактика (Кримитналистическая тактика) – криминалистиканың бөлімі
қылмысты жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтауға, дəлелдемелерді
жинауға, зерттеуге бағытталған жеке тергеу əрекеттерінің тəсілдерін, алдын–ала жəне сот
тергеулерін ұйымдастыру жəне жоспарлау жүргізетін адамдардың тəртібін анықтауға,
ғылыми жағдайлар жəне оның негізінде оларды жетілдіруге негізделген ұсыныстар
жүйесі. К.т. ғылыми жағдайларының жүйесі криминалистік болжау мен тергеуді
жоспарлау туралы ілімге, тергеу ситуациясының түсінігіне, оны тергеу пайдасына
пайдаланудың жəне бағалаудың қағидаларына, тактикалық қауіп пен тактикалық шешім
түсінігіне, тергеушінің анықтама органдарымен қарым–қатынасының қағидаларына,
арнайы білімдерді тергеу жүргізу кезінде пайдаланудың нысаны мен əдістеріне
негізделеді. К.т орталық түйіні – тактикалық тəсілдер.
криминалистік техника (Криминалистическая техника) – криминалистиканың бөлімі,
қылмысты ашуда жəне алдын–алуда басқа шараларды жəне де дəлелдемелерді жинау,
зерттеу мен пайдалану үшін арналған ғылыми жағдайлар жəне оның негізінде
жетілдірілген техникалық əдіс, тəсіл жəне тəсілдемеліктердің жүйесі. К.т. мына салаларға
бөлінеді: криминалистік фотография, кинотүсіру жəне видеожазу; құжаттарды зерттеу;
трассология (із туралы ілім); сот (криминалистік) баллистикасы; адамды сыртқы бейнесі
бойынша теңдестіру (габитоскопия жəне габитология); криминалистік тіркеу;
криминалистік одорология, криминалистік фоноскопия. К.т. ғылыми жағдайларының
түйіні криминалистік идентификация мен криминалистік диагностиканың теориясы
болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 24 Барлығы
30