қылмыстың тәсілі (Способ преступления) – криминалистік сипаттаманың ең маңызды
элементтерінің бірі. Қылмыскердің қылмысты жасауға дейінгі жəне кейінгі объективті
жəне субъективті айқындалған жүрісөтұрыс жүйесі. Сырттан із қалдыру арқылы
қылмысты ашу жəне тергеу үшін маңызды мəнөжайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстың тəсілі жинақтаушы түсінік ретінде өзінде келесі элементтерді: дайындау
тəсілін, қылмыстың іздерін жасыру тəсілін жинақтауы мүмкін.
қылмысты жасау тәсілі (Способ совершения преступления) – криминалистік сипаттама
элементі, қылмыс тəсілінің орталық буыны. Қылмыстың объективтік жағында əрқашанда
тəуелсіз орын алады. Оның информациялық маңыздылығы қылмыскердің эрекеттерінен
тыс көрініс табуда түйінделеді. Қылмыс жасаудың типтік тəсілін білу, тез жəне дұрыс
қылмысты ашудың оптималды тəсілін таңдау, тактиқалық тұрғыда дұрыс тергеу
əрекеттерін жүргізуде көрінеді. Мысалы: ұрлық, кісі өлтіру кезінде оқиға болған жерді
қарау, бөтеннің тапсырылған мүлкін иелену кезінде жауап алу жəне т.б.
қосымша дактилоформула (Дополнительная дактилоформула) – он саусақты
дактилоскопиялық картотекада негізгі бөлікпен қолданады. Дактилоскопиялық формулада
барлық
папиллярлық
өрнектер
типтерінің
қаңдай
қолдың
саусақтарының
фаллангаларынада болғанына байланысты қолданады. Оң қол өрнектерінің берілгендері
алымында, сол қолдың берілгендері бөлімінде қойылады.
қылмыстық топ (Преступная группа) – алдын ала бірлескен қызмет үшін біріккен
тұлғалардан тұратын, оның қатысушылары арасында оны құру, басқару жəне
қылмыстарды тікелей жасау бойынша функциялары ажыратылған тұрақты бірлестік.
қылмыстық қауымдастық (Преступное сообщество) – бірлескен қылмыстық қызмет
үшін қурылған, оның қатысушылары арасында ауыр қылмыстарды жасау бойынша
функциялары бөлінген тұрақты бірлестік.