әуе жарақатында - мəйiттердiң, олардың бөлiктерi бiр-бiрiне қатысты жалғасуы,
орындағы дене немесе оның бөлiктерi қозғалу iздерi, киiмiнiң күйi, бөтен иiстер, бөлiктiң
мына не ана мəйiтке жататындағы (реттiк нөмiрi бар бирка тағылады, егер белгiлi болса,
əр фрагментке қайтыс болғанның аты-жөнi жазылады). Мəйiттiң қалдықтарынан
құжаттарды, бағалы жəне басқа заттарды алуға үзiлдi-кесiлдi тиым салынады, мəйiттерге
немесе оның бөлiктерiне зақым келтiретiн iс-əрекет жасауға болмайды, байланатын
белбеулерден болған денедегi зақымдану мен iздердiң болуын, экипаж мүшелерiнiң
зақымдану ерекшелiктерi мен сипатына (оқ тиген жарақаттардың жəне басқада
жарақаттардың белгiлерi, көмiр қышқылымен улану жəне басқа белгiлер болуы мүмкiн)
назар аударады;
биiктен құлағанда - биiк объектiге қатысты мəйiттiң нақты жайғасуы, киiмдегi жолақ
былғанулар, мата мен əшекейлеу детальдарының (түйме, қапсырма) қабырға бойы
сырғудан болған сыдырулар жəбiрленушiнiң құлаған жерiнiң өзiндiк былғануы мен
киiмiнiң былғануы ерекшелiктерiнiң тиiсуi, тiгiс бойынша жолақ жыртылуына, мəйiттiң
терi үстiндегi мата суретiнiң таңбаларына дене мен беттiң шығып тұратын бөлiктерiндегi
дене зақымдануларының ерекше орналасуына, зақымдардың бiр бетте орналасуына (егер
сатылы құлау болмаған жағдайда), егер қолымен не аяқпен құлаған кезде
зақымданулардың симметрияларына, бiр не екi табан аймағындағы жұмсақ ұлпаның
зақымдануы, аяқтың бiреуiнiң қысқару ротациясына;
доғал және үткiр заттардан болған зақымдар - зақым сипаты, локализациясы, пiшiнi,
шетi, мөлшерi, киiмiндегi зақымдарға сəйкес басқада ерекшелiктерi, қарсыласу немесе
қорғану сипатындағы мəйiттiң қолында жарақаттың болуы немесе болмауы; бiртектi
жарақаттар кезiнде олардың - саны, орналасуы, қанға ұқсас, iздердiң шаштың, тоқымалық
жiптер, жұмсақ тiндердiң бөлiктерi, милық заттың мəйiтте, оның киiмiнде, қоршаған
заттарда, жарақат келтiру болжамы бар құралда болуы; аяқ киiм өкшесiнде жəне табан
үстiнде қанға ұқсас дақтардың болуы.