Криминалистикалық әдістеме – ғылыми ережелер жүйесін біріктіретін жəне соның
негізінде бастапқы жəне соттық тергеуді жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша
ұсыныстар жасап шығаратын, оны жасаған тұлғалар мінезінің бағытын; дəлелдерді
жинауға, зерттеуге, қылмысты жасауға түрткі болған жағдаяттарды анықтауға
бағытталған жекелеген соттық жəне тергеу əрекеттерін жүргізу тəсілін анықтайтын
криминалистика саласы.
Криминалистикалық техника – криминалистика саласы; ғылыми ережелер жүйесі мен
олардың негізінде жасалатын техникалық заттар, дəлелдемелерді жинау, зерттеу мен
қолдану үшін арналған жəне қылмысты ашу мен ескертудің өзге де шараларын қолдану
амалдары мен əдістерін біріктіреді.
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы – ғылыми түсінік, белгілі бір
қылмыстық əрекеттің(қылмыс түрі немесе шығу тегі) ғылыми анализінің нəтижесі, оның
өзіне тəн құбылыстары мен ерекшеліктерінің жалпылануы.
Криминалистикалық әдіс(амал) – дəлелдерді жинау, зерттеу, бағалау жəне қолдану
кезіндегі əрекеттің мейлінше рационалды жəне нақты тəсілі немесе мінездің мейлінше
қонымды бағыты.
Криминалистикалық болжам – криминалистикалық болжамдарды нысандау
принциптерінің жиынтығынан, соның ішінде, мүмкін болатын оның сандық жəне сапалық
өзгерісін қоса есепке алғандағы қылмыстылықпен күрес əдістері мен жолы, тəсілдерінен
тұратын жеке криминалистикалық теориялардың бірі.
Латентті із – (көрінбейтін із), трассологияда көзбен көру мүмкін болмайтын із түрі.
Зерттеудің люминесцентті әдісі – зертеліп отырылған объектінің жұтылу облысындағы
сыртқы жарықпен қозуы кезіндегі объектінің жарқырауына негізделген амалдар
жиынтығы.
Қылмыс орны – қылмыс жасалған жер немесе жергілікті мекен бөлігі.
Қылмыс механизмі – қылмыстық іс-əрекет мазмұнын анықтаушы күрделі динамикалық
жүйе.