адамдарға сауал қою – жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар
нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның
сөздерінен жинау;
анықтамалар алу – қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті
жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің
міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу;
арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы – заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне
араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта
жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей
қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы;
арнаулы техникалық құралдар – жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында
ақпаратты табу жəне оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық
қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура,
тетіктер, жабдық;
байқау – жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды,
əрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы əрі өзгеше қабылдау жəне анықтау;
байланыс желілеріндегі жедел іздеу – телекоммуникациялар желілері жəне почта
байланысы арналары арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы əрекеттің белгілерін табу
жөніндегі жасырын іс-əрекеттер;
байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алу – ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға,
сақтауға, іздеуге жəне таратуға арналған, электрлі байланыс желілері, компьютер
желілері, деректер базалары, телекоммуникациялық жəне ақпараттық жүйелер арқылы
берілетін ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен жасырын алу;
бақыланатын өнім беру – еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген,
сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нəрсе-
лердің, заттардың жəне өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын
ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық əрекеттің белгілері туралы ақпарат
алу тəсілі;