«Уақыттың зор құндылық екенін және оны ізгі істерге арнау
қажеттігін түсінгеннен кейін, мен ол нәрсені (адамдардың
пайдасыз кездесулерін) ұнатпайтын болдым. Сонда да өзімді
екі нәрсенің ортасында қалғандай сезіндім: егер адамдармен
мүлде жолықпайтын болып, маған келулеріне тыйым салсам,
онда қоғамдағы салтты бұзғаным үшін жалғыздықта қалар ма
едім, ал егер адамдармен бас қосатын болсам, бар уақытым
солармен өткелі тұр. Соңында, шамам келгенше адамдармен
жолығудан ұзақтайтын болам деп шештім. Ал олай болмаған
жағдайда, кездесу уақытын созып алмау үшін, көп сөзден
қашып, ойымды қысқа жеткізетін болдым. Әңгімеге кедергі
болмаса, сол аралықта, өз ісіммен де айналысып үлгеретінмін,
өйткені бос отыруға мүлде болмайды. Сол кездесулер үстінде
қағаз қиып, қалам ұштап, кітапшаларды түптеп отыратын едім:
бұлай істеу ол іске ойыңды жинақтауды қажет етпейді. Осы
секілді
кейбір
істерді
арнайы
кездесу
уақытына
қалдыратынмын, есесіне, уақытым зая кетпейтін».
Сонымен қатар имамның кітабындағы мына сөздерге аса
мән бергеніміз жөн: «Менің түйгенім, Алла Тағала уақыт пен
денсаулықтың құндылығын түсінуді тек Өзі жәрдем беріп,
нығметтерді қалай пайдалы жұмсау керектігін ұғындырған
пенделеріне ғана береді».
Ғалым бұл сөзінде Құранның мына аятын меңзеген:
Достарыңызбен бөлісу: