және уақытын бос өткізуді ұнатпағанын көруге болады.
Сонымен қатар сахабаның ой саларлық мынадай сөзі тағы
бар: «Мен үшін өмірімді қысқарта тұра ізгі амалдарымды
көбейтпей өткен күннен асқан өкінішті жайт жоқ».
Пайғамбарымызға ең алғашқы иман келтіргендердің қатарында
болған сахаба әрдайым оның жанынан табылып, білім алып,
уақытын тиімді пайдалану арқылы Ислам тарихында ойып
орын алған, дін білімін жеткізуде орасан зор рөлі бар
ғалымдардың бірі де бірегейі атанған.
261
Пайғамбарымыздың көкесінің ұлы Абдулла ибн Аббас (р.а.)
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салған кезде әлі он төрт-он
бестердегі жасөспірім еді. Меккеде туылып, әкесімен бірге
сонда қалған ол Пайғамбарымыздың жанына Меккені жеңіп
алғаннан кейін ғана барып, екі жылдан аса уақыт қана
болады. Осындай қысқа ғана уақыттың ішінде барынша көп
білім ала білген ол ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың
қатарына кірген. Сонымен қатар Ислам құқығында алдыңғы
қатарлы ғалымдардың бірі, сахабалар алқасының ең жас
мүшесі және ең көп пәтуа берген сахаба болған.
262
Сағд ибн Муаз (р.а.) 30 жасында Исламды қабылдайды. Ал
қайтыс болған кезінде оның жасы 37-де болды. Ол дүниеден
озғанда Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «
Расында, Сағд ибн
Достарыңызбен бөлісу: