«ләмһул-бәсар» (көзді ашып жұмғанша) тіркесі 2 жерде өтеді.
35 рет кездесетін «хин» сөзі бір нәрсенің пайда болған
уақыты дегенді білдіреді.
«Әбәдият» (мәңгілік) мағынасындағы сөздер («әбәд» түбірінен
28 рет, «хулд» түбірінен 87 рет және «сәрмәд» түбірінен 2
рет) 117 рет кездеседі. Мұның көп кездесуі адам үшін
маңыздылығынан екендігін көре аламыз. Себебі Құран
Кәрімнің негізгі тақырыптарының бірі ақыреттегі мәңгілік өмір
екені белгілі. Мәңгілікті еске салатын сөздердің жиі кездесуі
табиғи жайт, тіпті қажеттілік десе де болады.
Уақыт сөзінің синонимдері деуге келетін және кейде белгілі,
кейде белгісіз мерзімді білдіретін сөздермен қатар, саны
жағынан олардан әлдеқайда көп жыл, ай, күн, түн, күндіз
секілді әр алуан ұзақтықтағы шектеулі, басы мен соңы бар
және адам өмірімен тығыз байланысты түрлі уақыт кезеңдерін
білдіретін сөздер кездеседі.
Олардың қайсысы адам баласы үшін маңызды болса, сол сөз
көп қолданылғанын көруге болады. Байқағанымыздай, Құранда
ең көп «йәум» (күн) сөзі кездеседі.
Құран Кәрімде уақытты еске салатын сөздер өте көп.
Мұндай сөздерді Құранның әрбір парасынан кездестіруге
болады. Және әр парада кездесетін сөздердің арасында сан
жағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ дей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: