Тайм-менеджмент


Күндіз бен оның кезеңдері



Pdf көрінісі
бет49/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Күндіз бен оның кезеңдері
Күннің жартысы саналған «күндіз» (нәһәр) сөзі 57, екінші
жартысы болған «түн» (ләйл) сөзі 92 рет айтылады.
Күндіз бен түн сөздерінің қайталану санына қарағанда,
айырмашылық көп болып көрінгенімен, күндіздің кезеңдерін
сипаттайтын сөздерді қоса есептегенде арадағы айырмашылық
азая түседі. Оларды да жеке-жеке атап өтейік:
Күндіздің алғашқы кезеңі саналған таң уақытын білдіретін
«субх» сөзі 7 рет, «ғудуу» 15 рет, «букра» сөзі 9 рет және
«фәжр» сөзі 6 рет кездеседі. Күндіздің басқа да кезеңдерін
білдіретін «духа» (сәске) сөзі 6 рет, «тулу уш-шәмс» (күннің
шығуы) тіркесі 2 рет, «захира» (тал түс) сөзі 1 рет, «фәләқ»
(таң) сөзі 1 рет, «тарафәйн-нәһәр» (күндіздің екі шегі) тіркесі
1 рет, «әтрафун-нәһәр» (күндізгі уақыттың тараптары) тіркесі 1
рет, «дулукуш-шәмс» (күннің батуға таяуы) тіркесі 1 рет өтеді.
Бұлардың барлығын қосқанда 50-ді құрайды. 57 рет
кездескен «нәһәр» сөзіне қоса есептегенде күндізгі уақытқа
байланысты сөздердің саны барлығы 107 болмақ.
Түн және оның кезеңдері
Түн дегеніміз күннің батуынан бастап таң алдындағы екінші
шапақ атқан сәтке дейінгі кезең екендігін жоғарыда атап
өттік. Жалпы бір жыл бойынша есептегенде түннің уақыты
күннің жартысына тең болады. Сондықтан түнгі уақытқа да
бей-жай қарамай, барынша тиімді өткізу үшін оның да
маңызын ұғынуға тырысып, оқып-біліп, зерттеулер жүргізіп,
ретке келтіру қажет.
Құран Кәрімде күндіз секілді түнді де бірнеше кезеңдерге
бөліп қарастырған. Олардың әрбірі аяттарда бірнеше реттен
аталып өтіледі:
«Ишә» (қараңғы болған уақыт) түбірінен 13 сөз, «асил» (кеш)
сөзі 7 рет, «анәул-ләйл» (түнгі сәттер) тіркесі 3 рет, «ғурубуш-
шәмс» (күннің батуы) тіркесі 2 рет, «ғасиқ» (қатты қараңғылық)


тіркесі 1 рет, «ғасиқул-ләйл» (түннің алғашқы қараңғылығы)
тіркесі 1 рет, «хинә тумсун» (кеш болғанда) тіркесі 1 рет,
бұлардың барлығын қосқанда түннің кезеңдерін сипаттайтын
сөздердің саны 28 болады. Мұны 92 рет кездескен «ләйл»
сөзіне қоса есептегенде барлығы 120 болмақ.
Күндізгі уақыттардың да, түнгі уақыттардың да мұндай
кезеңдерге 
бөлініп 
Құранда 
аталуы 
көбіне-көп 
намаз
уақыттарын анықтап, түсіндіруді мақсат тұтқан. Тіпті күннің
белгілі бір уақыттары күнделікті бес уақыт парыз намаздың
уақыттарын білдіру арқылы сол намаздардың атаулары да
оқылатын уақытының атауымен аталып кеткен.

ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ИЕ УАҚЫТТАР
Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының
алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір
сүргендігін білеміз. Ең бірінші адамның пайғамбарлығымен
Жаратушыға құлшылықты бастап кеткен сол жандардың
мыңдаған жылдар бойы ғибадат жасап, мол сауапқа кенелуге
мүмкіндіктері болған. Ал кейінгі уақыттарда адам баласының
өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда қысқарғанын көрудеміз. Тіпті
ең соңғы Пайғамбар Әз Мұхаммедтің (с.а.с.) кезеңінде де
адамдардың ғұмыр жасы ұзақ дегені жүз жылдың шамасында
болған. Соны ойлаған Алланың Әз Елшісі (с.а.с.) бұрынғы
үмбеттермен салыстырғанда өз үмбетінің өмір сүру ұзақтығы
қысқа болғандықтан, құлшылық ету уақыты да азырақ, соған
сәйкес сауабы да кемшін болатынын уайымдап қам жеген.
Сүйікті Елшісінің уайымы мен тілегін білген Раббысы


ақырзаман үмбетіне аз уақыттың ішінде көп сауапқа ие
болатын мүмкіндіктер сыйлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет