Құран тек қана Қадір түнінің не жылдың санаулы күндерінің
маңызына назарымызды
аударып қана қоймай, Рамазан айын
да ерекшелеп атап өтеді: адамдарға тура жол көрсетуші,
ақиқат пен жалғанды ажыратушы теңдессіз жолбасшы болған
Құран Кәрім сол айда түскендігін баяндайды.
98
Рамазанның
басқа айлардан артықшылығы мен үстемдігі
хадистерде жиі
айтылып өтеді. Хадис кітаптарында кездесетін оразаға
байланысты тақырыптарда осы жайтты көптеп кездестіруге
болады.
Сонымен қатар хадистерде «үш айлар» деп аталып кеткен
ережеп, шағбан,
рамазанның қасиеті, рамазаннан соң келетін
шәууәл айының алты күні, зулхижжаның алғашқы он күні,
оның ішінде Құрбан айт күні, мухаррам айы және ондағы
Ашура күні әдеттегі күндер мен айлардан ерекшеленіп
көрсетілген, бұл уақыттарды
барынша тиімді пайдалану
қажеттігі, кейбір уақыттарда ораза ұстаудың артықшылығы
атап өтіледі.
Қамари айларда әр айдың алғашқы күні, әййәмул-бид
(жарық күндер) деп аталған 13, 14, 15-інші күндері
ерекшеленіп, ол күндері ораза ұстау сүннет саналған.
Одан да ары нақтылап қарайтын болсақ,
аптаның да
маңыздылығын көруге болады. Аптаның барлық күні бірдей
дәрежеде емес. Кейбір күндер басқаларына қарағанда ерекше
саналады. Әсіресе, жұма күні – ең қадірлі күн. Дүйсенбі
және бейсенбі күндері ораза ұстау – сүннет әрі басқа күндері
ұсталған оразадан сауабы артық.
Ал бір күнді қарастыратын болсақ, күннің сәресі уақыты
басқа уақыттарынан маңыздырақ.
Достарыңызбен бөлісу: