Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет55/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Рағайып түні
Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары
басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар
болып табылады. Ережеп айы келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
былай деп дұға ететін: «Уа, Алла! ережеп пен шағбан айларын
бізге мүбәрак қылып, рамазан айына аман-есен жеткізе гөр».
108
Ережеп айының алғашқы жұма түні «Рағайып түні» деп
аталады. Бұл түн – Алла Тағаланың мейірімі түскен, кешіретін
және дұғаларды қабыл ететін түн. Жоғарыда келтірілген бес
түн жайлы айтылған хадисте де осы түн ерекшеленіп аталып
өтіледі.
Бұл түні Алла Елшісінің кейбір берекетке ие болып, шүкір
қылып, намаз оқығаны туралы хабарлар бар.
109
Миғраж түні
Алланың шақыруы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні
түнде Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне
сапар шегіп, ол жерден Жәбірейілмен бірге көкке көтеріліп,
«Сидратул-мунтәһа» деп аталатын жерге дейін көтеріледі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жерден ары қарай өзі барып,
арада ешқандай дәнекерсіз және бізге беймәлім түрде
Алламен кездесіп тілдескен.
Бұл қасиетті сапардың Меккеден Құдысқа дейінгі бөлігі
Исра, Құдыстан басталатын қалған бөлігі Миғраж деп
аталады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бес уақыт намазды үмбетіне
Миғраж тартуы ретінде әкелген.
Миғраж 
оқиғасы 
– 
Пайғамбарымыздың 
ең 
үлкен
мұғжизаларының бірі. Һижреттен бір жарым жыл бұрын
ережеп айының 27-түнінде болған.
Бұл түн осынау ерекше тарихымен қасиетті саналады. Бұл
түнді құлшылықпен өткізіп, ертесі күні ораза ұстаған сауапты
іс болып табылады.
110
Бәраат түні


Алла Елшісі (с.а.с.) ережеп пен рамазанның ортасында
елеусіз өткізіп алмауымызды ескертіп, өзі көбіне оразамен
өткізген шағбан айының 15-түні «Бәраат түні» деп аталады.
Қарыздан, күнә мен жазадан құтылу деген мағынаны
білдіретін Бәраат – күнәлардан құтылу (тазару) кеші.
Бұл түн – Алланың өзінен кешірім сұраған мүміндерді
кешіріп, күнәдан арылу түні. Бұл түні ұйықтамай Алла
Тағаладан кешірім сұрауымызды қалаған Пайғамбарымыз
(с.а.с.) былай дейді:
«Шағбан айының он бесінші түні болғанда тек қана ғибадатпен
өткізіңдер, ал күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені Алла Тағала сол түні
күн шыққанға дейін әлемге мейірімін төге тұрып, былай дейді:
– Кешіруімді қалайтын адам бар ма, кешейін?
– Ризық талап етушілер бар ма, берейін?
– Дертке шалдыққандар бар ма, шипа берейін?
– Тағы кім не тілесе тілесін, берейін!»
111
Ендеше, Раббымыздың сүйінші хабарына құлақ асып,
берілген мүмкіндіктерден пайдаланып қалуымыз керек.
Бұл түні адамның бір жылдағы ризығы, бай немесе кедей,
жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы
немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен
періштелердің дайындайтындығы білдірілген. Бәраат түнінің
ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен
Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл түні «жақсылық намазы»
оқылады
112
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет