қасиетін арттырған. Қадір түнінің мың айдан да қайырлы
екендігі Құран Кәрімде ашық айтылған.
Қадір түні – мүміндерге Алла Тағаланың берген шексіз
мейірімділік белгісі мен үлкен ілтипаты. Бұл түнді Алла
разылығы үшін намаз оқып, Құран оқып,
дұға етіп,
ғибадатпен өткізуіміз керек.
Әзірет Айша (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан:
–
Уа, Алланың Елшісі! Қадір түнінде қайтіп дұға етейін? – деп
сұрады.
Сонда мынадай жауап естіді:
–
Былай де: «Раббым, сен өте кешірімдісің, кешіргенді жақсы
көресің, мені де кешіре гөр».
113
Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйреткен бұл дұғаны біз де Қадір
түнінде қайталайық.
Қасиетті түндерді намаз оқу, Құран оқу, Пайғамбарға
салауат айту, күнәларымызға
кешірім тілеу, дүние және
ақыретке байланысты тілектерімізбен дұға қылып, қолымыздан
келгенше қайырымдылық іс-шараларын атқарып, кедейлерді
қуанту сияқты ізгі істермен өткізуіміз керек.
Арафа және Тәурия күндері
Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн «Арафа күні», ал оның
алдындағы күн «Тәурия күні» деп аталады.
Қажылық жасаушылардан басқалар үшін Тәурия және Арафа
күндері ораза ұстау ұнамды амал болып саналады. Жалпы
Алла Елшісі (с.а.с.) зулхижжа айының алғашқы он күнін
114
толықтай оразамен өткізетін болған.
115
Арафа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші
күні екінті намазына дейінгі 23
намазда еркек-әйел барлық
адам парыз намаздардан кейін сәлем бере салып уәжіп
болған тәшриқ тәкбірін оқуы керек: «
Аллаһу әкбәр, Аллаһу
әкбәр. Лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр. Аллаһу әкбәр уә
лилләһил-хамд».
Арафа күні қажылық жасаушылардың Арафатта тұрып дұға
ететін күні болғандықтан, одан тыс барша мұсылмандар үшін
де дұға қабыл болатын ерекше күн болып саналады. Бір
хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) осыны жеткізеді: «
Дұғаның
қадірлісі – Арафа күні жасалған дұға».
116
Сондай-ақ, кешірім тілеген адамдардың кешірімге ие болып,
азаптан құтылатын күні ретінде де ерекшелене түседі: «
Арафа
күні тозақтан көп құл құтылатыны соншалықты – басқа күндерде
мұншама құл құтыла алмайды».
117
•
НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ОРНЫ
Жоғарыда
атап
өтілген
түсіндірмеден
төмендегідей
қорытынды шығаруға болады:
парыз намаздардың асыл
мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті уақытын
жоспарлап,
ретке
келтіру
әдетін
қалыптастыру.
Пайғамбарымыздың
іс-әрекеттері
мен
бұйрықтарынан
көретініміздей, бұл уақыттар ұйықтау, тұру, үйде болу,
тамақтану, демалу, сыртқа шығу, зиярат ету, адамдармен
қарым-қатынас секілді күнделікті орындауымыз қажетті істердің
мерзімін белгілеуде.
Әр намаз уақытты жоспарлауды білдіреді деп есептесек,
Құранда намаз жайлы айтылған барлық аяттарды да «уақыт
түсінігін» қамтитын аяттардың қатарына қоса аламыз. Құранда
намаз көбіне «саләт»
сөзі арқылы айтылып, 100-ге жуық рет
қайталанады. Рукуғ, сәжде, қиям секілді басқа да намазды
суреттейтін сөздер де бар.
Мұсылман адамға намаз оқу жайлы сөз қозғалғанда бірінші
кезекте оның тым көп екендігі мен соған байланысты
ауырлығына шағымданғандарын байқап жатамыз. Алайда намаз
біз ойлағандай және қорқатындай көп емес. Ең алдымен,
күнделікті бес уақыт намаз дәретімен қосқанда адамның бір
сағат уақытын алады. Екіншіден, адам бірден тұрып бір сағат
намаз
оқымайды, сондықтан шаршайтындай ұзақ уақыт
болмайды. Үшіншіден, адамға әр уақытта сол уақыттың
намазы ғана парыз болады. Яғни, дәл қазір бесін намазының
уақыты болатын болса, екінті намазының уақыты әлі
келмегендіктен, тек сол бесін намазы парыз, басқа уақыттың
намаздары парыз болмайды. Ол намаздар өз уақыты келгенде
ғана жеке-жеке парыз болады.
Олай болса, намаз көптеген
адамдар ойлағандай ауыр, ұзақ әрі шаршататын жүк емес
екендігін көруге болады. Осылайша Алланың адамға көтере
алмайтын
жүк
беріп,
шамасы
келмейтін
міндет
жүктемейтініне
118
көз жеткізе аламыз.
Мұсылман баласына күнделікті бес уақыт намаз оқу парыз
екені белгілі. Сонымен қатар қалаған жан қосып оқи алатын
нәпіл намаздар да бар. Нәпіл намаздарды да қоса санағанда,
түнде бес намаз бар екендігін көре аламыз. Парыздар ақшам
мен құптан намаздары, құптан намазынан кейін оқылатын
уәжіп болған үтір намазы, нәпіл намаздардан ақшамнан кейін
оқылатын әуәбин намазы
мен таң уақытының алдында
оқылатын тәһәжжуд намазы бар. Ал күндіз сәске уақытында
оқылатын духа намазы қосылады.
Дініміз бойынша тәулік ақшам уақытында күннің батуымен
басталатынын есепке ала отырып, осы бір күннің ішінде
оқылатын намаздардың сызбасын төмендегідей етіп көрсете
аламыз.