мұқияттылық – адам өмірінің сапасын белгілейтін бірден-бір
өлшем.
Сол үшін де әрбір сәтімізді дұрыс пайдалануымыз керек.
Өйткені уақыт ешқашан ешкімді күтіп тұрмайды. Өткен уақыт
ендігәрі қайта айналып келмейді. Ал болашақ болса,
бұлыңғыр. Тек қазіргі тыныс
алып тұрған сәті ғана адам
баласына берілген алтын мүмкіндік. Уақыт әрбір адамға
мүмкіндік береді. Алайда сол мүмкіндікті дер кезінде
пайдалана білгендер ғана жетістікке жете алмақ. Ал уақыттың
адам баласы үшін мүмкіндік
екендігінің байыбына бара
алмаған жан өмірінде барлық жақсылықтан мақұрым қалады
деуге болады. Сондықтан мүмкіншілік болып тұрған кезде
уақытты Алла разы болатындай етіп пайдалану – ең
ақылдының ісі.
Бүгінде кішкентай көзге көрінер-көрінбес
алтын сынығын
ешкімнің қоқысқа тастамайтыны мәлім. Бірақ миллиондаған
алтын беріп сатып алуға болмайтын уақыт ысырабына көп
адам мән бермейтіні қандай өкінішті!
Достарыңызбен бөлісу: