Тайм-менеджмент


Адамның жас ерекшеліктері мен өмірінің кезеңдері



Pdf көрінісі
бет80/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Адамның жас ерекшеліктері мен өмірінің кезеңдері
Құран Кәрімде көптеген жерде әл-мисақтан (әлімсақ, рухтар
әлемі) бастап ана құрсағындағы түрлі сатылар, балалық,
жастық, егделік, кәрілік, қабір әлемі мен ақыретке дейінгі әр
алуан кезеңдерді атап өтеді.
181
Күнделікті өмірдегі құқықтық
(фиқһ) және тәрбиелік тұрғыдан маңыздылығы мен қажеттілігі
себебінен аяттарды негізге ала отырып, діни қайнар көздерде
адам өмірін бес кезеңге бөледі:

балалық шақ (туфулият, сабәуәт) – 0-15 жас арасы;

жастық шақ (шәбәбәт) – 15-30 жас арасы;

кемелдену (куһуләт) – 30-60 жас арасы;

егделік (шәйхухат) – 60-80 жас арасы;

кәрілік (һәрам, әрзәлул-умр) – 80-нен кейін.
182
Балалық шақтан басқа кезеңдерді анықтау барысында
ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар болған. Дегенмен
олардың арасындағы айырмашылықтар айтарлықтай көп емес
және көпшілік ғалымдардың көзқарасы жоғарыдағы белгіленген
жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Балалық шақты маңыздылығына байланысты өз ішінде
әртүрлі кезеңдерге бөліп қарастырады: 0-2 жас – сәби (сүт
ему кезеңі), 2-7 жас – ғуләм (бүлдіршін кезең), 7-10 жас –
тәмииз жасы (оңы мен солын ажырата бастаған кезең), 10-15
жас – мураһиқ жасы (жасөспірім, өтпелі кезең).
183
Тек балалық шақты ғана емес осылай одан кейінгі
кезеңдерді де ары қарай нақтылап бөліп қарастыруға болады.
Жастық шақтың кезеңдерін екіге бөлуге болады: 16-20 жас
– бозбала-бойжеткен, 20-30 жас аралығы – жас. Кемелдену
жастарын бөлетін болсақ: 30-40 жас – орда бұзар, 40-50
жас – қамал алар, 50-60 жас – ел ағасы.
184


Бұл кезеңдердің әрбірінің адам өмірінде өзіне тән
ерекшеліктері бар. Сондықтан да адам баласы мәнді де
мағыналы өмір сүруді қаласа, осы кезеңдерге тиісінше көңіл
бөліп, 
уақытын 
жоспарлап, 
барынша 
тиімді 
өткізуге
тырысқаны жөн. Осы орайда аталған әрбір кезеңде адамның
уақытын қалай жоспарлау қажеттігі жөнінде тоқталып
өтпекпіз.
Әл-мисақ атты рухтар әлемінде жаратылған адам жаны бұл
дүниеге жіберілу сәтін күтеді. Алла Елшісі (с.а.с.) хадисте
былай дейді: «Шын мәнінде, әрбірің ана құрсағында қырық күн
бойы ұрық тамшысы түрінде қалыптасады, сонан соң ол сонша
уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір кесек ет тәрізді
болады. Содан кейін періште жіберіледі де оған үрлеп жан
ендіреді. Және ол төрт нәрсені: оның ризық-несібесін, ажалын,
амалдарын және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға
бұйрық алады».
185
Осыған орай, ана құрсағында титтей ғана ұрық тамшысы
ретінде пайда болғанынан бастап ана болашақ сәбиінің жаны
үрленіп, тағдыры жазылғанша барынша көп дұға етіп,
тағдырының оңынан, ісінің ізгісінен болуын тілегені дұрыс.
Ана құрсағына біткен балаға төрт айдан соң жан берілгеннен
кейін оның бұл дүниедегі тіршілігі басталып-ақ кетеді. Бұл
кезде ол әлі жарық дүниені көре қоймағанымен, анасы
арқылы дүниеде болып жатқан жайттар, оның ішінде уақыт
та оған өз әсерін тигізбек. Осы тұста әлі дүние есігін
ашпаған балалары үшін болашақ ата-ананың жауапкершілігі
басталып кеттіге саналады. Болашақ әке баласын көтеріп
жүрген анасына баланың дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдай
жасауға міндетті болса, ана өзіне асқан жауапкершілікпен
қарап, екі жүректі тасып жүргенінің байыбына бара білуі
қажет. Сырттағы анасының не істеп жүргені іштегі балаға да
әсер ететіндіктен болашақ ана құрсағында бала болған тоғыз
ай он күндік кезеңін дұрыс өткізуі тиіс. Уақытын барынша
жоспарлы қолданып, баланың дұрыс жетілуіне, сырттан


зиянды әсер алмауына, толыққанды демалып, құнарлы
тағамдардан қажетті қорегін ала алуына жағдай жасауы
қажет.
Сәби дүниеге келгеннен кейінгі уақытта да жануарлар мен
құстар сияқты басқа жаратылыстардай бірден өзін-өзі алып
кете алуы мүмкін болмағандықтан, оның өмірінің алғашқы
кезеңдеріне ата-ана жауапты. Әкесі көбіне түздің адамы
болғандықтан, баланың күнделікті күтімін анасы атқаратыны
анық. Анасы баласының дүниедегі алғашқы күндерінен бастап
сәбиінің өмірінің әрбір сәтін дұрыс өткізуі үшін уақытын
жоспарлы түрде тиімді пайдалануға міндетті.
Осы тұста бала дүниеге келгенде уақытқа байланысты
арқарылатын шараларға да тоқталып өткенді жөн көрдік.
Адам баласының ең алғашқы асы ана сүті берілмей тұрып,
Пайғамбар (с.а.с.) сүннеті бойынша, өмірге іңгәлап келген
сәбиге тахник жасалады, яғни құрманы ауызда жұмсартып,
оның сөлін сәбидің таңдайына жағып дәм таттырады. Ал
сәбидің ана сүтін емуі Құранның көрсетуі бойынша екі жылға
созылады. Құранда осылай уақыттың белгіленуінің өзі сәби
үшін ана сүтінің қажеттілігімен қоса, оған бөлінген уақыттың
да маңыздылығын көрсетуде.
Ары қарай сәбидің дүниеге келгеніне жеті күн толғанда
Алла Елшісінің «Әрбір сәби ақиқасымен тұсауланған. Жетінші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет