тиетіндей
мөлшерде
оқыңдар
».
202
Әзірет Омар (р.а.) жиһадтан кейінгі абзал амалдың адал
ризық табу жолында табан тоздыру екендігін аятқа қарай
отырып былай түсіндіреді: «Маған өлім келетін жағдайлардың
арасында Алла жолындағы соғыстан кейінгі ең ұнамдысы –
мен бір таудың екі төбесінің арасында Алланың ризық-
несібесін іздеп жүрген сәтімде ажалдың жетуі. Себебі Құранда
«Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді
шарлайтындар» деп ерекшелеп атап өткен».
203
Бұл аятты түсіндіру барысында ғалымдар Пайғамбарымыздың
мына бір хадисін де келтіре кетеді: «Кімде-кім мұсылман
өлкелерінің біріне азық-түлік апарып, оны сол жердің бағасында
сататын болса, бұл ісі Алланың алдында жоғары дәрежеге жетуіне
себеп бола алады. Себебі Алла Тағала «Алланың шексіз
шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтындар» деген
болатын».
204
Адал ризық табудың «адамның өз еңбегіне»
205
байланысты
екендігі жазылған Құран Кәрімде дүниелік істермен де
шұғылдануға
назарымызды
аударатын
жайттар
көптеп
кездеседі. Бір аятта
«Бұл дүниедегі несібеңді де
ұмытпа»
206
делінген. Басқа бірінде «
Дүниеде де, ақыретте
де жақсылық бер
»
207
деп сұрағандар мақталады. Келесі
аятта жер бетінде тіршілік бастау алғаннан бері барша
пайғамбарларға
адал
ризық
табу
үшін
жұмыс
істеу
бұйырылғандығы
анық
айтылады:
«Уа,
пайғамбарлар
қауымы! Адал, таза һәм пайдалы ас-судан жеп-
ішіңдер, әркез игі істер істеңдер. Мен еш шүбәсіз,
сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді білемін»
.
208
Еңбек
етіп,
маңдай
терімен
адал
ризық
табудың
маңыздылығын көрсету үшін тағы бір хадисте Алла Елшісі
(с.а.с.) былай деген: «Ешкім өз еңбегімен тапқан нәсібінен асқан
қайырлы ризыққа кенелген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт (а.с.)
өз қолымен еңбектеніп тапқан ризығын жейтін».
209
Яғни,
жоғарыдағы Құран аятымен де астасып жатқан бұл хадисте
пайғамбарлардың да ризық-несібесін табу үшін еңбек
еткендігін көрсетіп, «Алланың жолында болдым екен» деп,
дүниеден баз кешіп, қол қусырып қарап жатуды дініміз
құптамайтындығын жеткізеді.
Тіпті Алла Елшісінің «Ертең қиямет болатынын білсеңдер де,
қолдарыңда тұрған бұтақты егіп кетіңдер»
210
деген сөзі қандай
жағдай болмасын еңбек етудің маңыздылығын нақтылап
көрсетіп кеткендей.
Сонымен қатар дініміз адамға өз ісіне жауапкершілікпен
қарауды үйретеді. Жұмысын адал атқарып, дұрыс жасауын
міндеттейді. Тағы бір хадисте былай делінген: «Ең жақсы табыс
– берілген жұмысты жан-тәнімен орындап, жұмыс берушіні
құрметтей отырып, қол жеткізген табыс. Жұмыс берушінің заңды
талаптарын адал орындаған жұмысшы қиямет күнінде садақа
берушілермен тең болады».
211
Ислам діні мұсылман жанның кедей болып, мүсәпір халде
өмір сүруін талап етпейді. Ешқашанда ондай түсінікте болған
емес. Әзірет Омар (р.а.) пақырлық пен жалқаулықты, уақытты
босқа жүрумен өткізуді жек көретін. Тек дініміз жүрегі Алла
деген мұсылманның сол жүрегіне дүние атаулы кіріп кетпеуін
қадағалайды. Дүние мұсылман адамның жүрегінде емес,
қолында болу керек. Адам мен байлықтың арақатынасы кеме
мен судың мысалындай. Кеменің сыртында болған су (теңіз,
мұхит) оған пайдалы әрі маңызды. Себебі ол кемені діттеген
жеріне алып баратын бірден-бір қажетті нәрсе. Ал сол су
кеменің ішіне кірсе, оны құрдымға ұшыратып, су түбіне
батырады. Сол секілді дүние адамның қолында болса, оның
өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды, басқаларға көмек
қолын созуына мүмкіндік береді, екі дүниелік мақсатына
жеткізе алады, алайда ішіне, яғни жүрегіне кірсе, оның түбіне
жетеді.
Дініміз кедейліктің ауыртпалығынан айырыла алмай, қайыр
тілеп күн көргенше өзінің маңдай тер, адал еңбегімен ризық
табуын құптайды. Бір хадисте осы жайт нақты баяндалады:
«Араларыңнан кімде-кімнің арқасына бір құшақ отынды арқалап
жүріп сатуы және осылайша ар-намысын сақтап қалуы Қиямет күні
жүзінде қара дақ болып көрініп тұратын жұртқа алақан жайып
қайыр тілегеннен әлдеқайда жақсы».
212
Сондықтан мұсылман баласы адал еңбек етіп, өмірде
жетістікке және мол табысқа жетуге тырысқаны жөн. Ең
бастысы, жетістігі мен табысына масаттанбай, әрдайым оған
жеткізген Алла екендігін есінен шығармай, шүкірін ұмытпауы
қажет. Сонымен бірге жағдайы мен мүмкіндігі болғанда зекет-
садақасын беріп, басқаларға қол ұшын созып, қолғабыс етуге
тырысқаны дұрыс. Өйткені хадисте «Адамдардың ең қайырлысы
– өзгелерге ең көп пайдасы тиетіні»
213
делінген. Ал адамдарға
ең көп пайда тигізе алу дүние-мүлкі өзінен артылған болуын
қажет етеді. Хадисте бай-бақуатты болып, дүние-мүлкін Алла
жолында жұмсаған жанға қызығушылықпен қарауға рұқсат
етілгендігі және оның жаннатқа алғашқы кірушілерден
болатындығы айтылған.
214
Мұсылман жан өзге дін өкілінің қол астында болмауы керек.
Сондықтан қызметте де мұсылман емес біреудің қарамағында
жұмыс істемегені абзал. Сол үшін мұсылмандар дүниелік
істерде де табысты болып, жетістікке жетіп, үмбетті алға
сүйреуге талпынғаны жөн.
Ақиқатында, адам өз өмірінде талай белестер мен асуларды
бағындыра алады. Сол мақсатына жетіп, толағай табысқа,
үлкен жетістікке қол жеткізу үшін мұсылман баласы уақытын
ысырап етпей ұтымды әрі тиімді пайдалана білуі қажет.
Ғибадат-құлшылықтарда уақыттың мөлшері мен төтеп берген
қиындыққа қарай сауапқа кенеліп, жетістікке қол жеткізілетін
болса, дүниелік табысқа қол жеткізу барысында адамның
жұмсаған уақыты емес, қол жеткізген нәтижесі маңыздырақ.
Сондықтан көп уақыт жұмсаудың орнына, уақытты тиімді
пайдаланып,
аз
уақыттың
ішінде
көп
нәтижеге
қол
жеткізетіндей өнімді еңбек етудің жолын қарастыру қажет.
Міне, осы үшін де Ислам белгілеген шекаралармен қатар,
заманауи тайм-менеджмент ережелері таптырмас құрал болып
көмекке келеді.
Ең алдымен, хадистерде айтылған табысты болудың
кілттерінің бірі таңғы уақыт екендігін көре аламыз. Алла
Елшісі (с.а.с.) былай дұға ететін болған: «Уа, Алла! Үмбетімнің
ішінде таң атар-атпас адал еңбекке кіріскендердің істерін берекелі
ете гөр!»
215
Пайғамбар (с.а.с.) дұғасы қабыл болатынын
ескеріп, күнделікті тірлігімізді таңертең ерте бастауды әдетке
айналдырғанымыз жөн. Сонымен қатар Алла Елшісі (с.а.с.)
бірқатар хадистерінде де бұл жайтты тілге тиік етіп өткен:
« Ризық іздеуге ертерек шығыңдар, себебі істі ерте бастау –
берекет әрі үлкен табыс әкеледі».
216
« Таң атқаннан кейін ұйықтап
жату – ризықтың келуіне кедергі».
217
Олай болса, Құран Кәрімде де, хадисте де мүміндердің тек
ақыретін уайымдап қана қоймай, осы дүниесінің де қамын
ойлап, адал ризық табу жолында тер төгуі талап етілген. Тек
қана адамның өмірінің мақсаты мал табуға айналып кетпеуі
қажет. Себебі адам «тамақ үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін
тамақтанатындығын» есінен шығармауы тиіс.
Дүниенің өткіншілігіне байланысты хадистердегі ескертулер
тарихта кездескендей қате түсінікке ұрындырмасы үшін соңғы
кезеңнің ғалымдары «Дүниені қолмен емес, жүрекпен тәрк
ету» керектігін айқындап, ақыретке пайдасы жоқ, тек нәпсі
қалауларының соңына түскен істермен ғана айналысудың
зияндылығына назарымызды аударуға тырысқан. Ал жалпы
алғанда, Алла разылығы үшін жасалған әрбір іс маңызды,
қажетті болып табылады, уақытты босқа өткізуге жатпайды.
Адамның жұмысы үш нәрсені қамтыса адамға нағыз бақыт
алып келеді: жалақы, сүйікті ісі және қайырымдылық.
Осылардың барлығын ұштастыратын жанына жақын жұмысын
тауып, адал жолмен еңбек етуге жұмсаған уақытының әрбір
сәті адам баласына екі дүниелік толағай табыс алып келмек.
Достарыңызбен бөлісу: |