Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет82/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

балаға намаз оқуды бұйырыңдар»
188
деген. Сонда жеті жас –
балаға намаз оқуды үйрете бастау қажет уақыт. Бала балиғат
жасқа толғаннан бастап намаз оқып кету үшін оған ертерек
осы жеті жастан бастап үйрете беру керектігін ескерткен.
Әйтпесе, оған дейін еш нәрсе үйренбеген не қабылдамаған
бала балиғат жасына толған күні парыз болған ғибадатын
бірден бастап кетуі қиянға соғады, тіпті мүмкін емес деуге
болады. Сондықтан ата-ана бұл мәселеде қырағылық танытып,
бұдан былай баланың күн тәртібі мен уақыт жоспарына бес
уақыт намазды қосып үйретуге тырысуы қажет. Рамазан айы
келгенде немесе аптаның ішіндегі күндері ішінара балаға ауыр
тимесе, ораза ұстауға баули берген дұрыс. Бұл жаста бала
жақсылық пен жамандықты ажырата бастайтындықтан, діни
тұрғыдан жақсылық, ізгілік саналған нәрселер мен жамандық,
зұлымдық есебіндегі жайттарды ұғындырған абзал. Адамдағы
ең абзал қасиеттердің бірі саналатын ұят сезімі де осы
жастан бастап қалыптаса алады. Осының барлығына ата-ана
барынша көңіл бөліп, үйрету мен түсіндіруді баланың күн
тәртібіне енгізіп қойғаны жөн.
Мураһиқ жасы – балиғатқа толғанға дейінгі кезең. Балиғатқа
толу жасы (қыз балада 9 жастан басталса, ұл балада 12
жастан басталады) адамға байланысты әртүрлі болатындықтан,
ең кеш уақыты саналған 15 жас есепке алынған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Балаларыңыз жеті жасқа келген шақта
намаз оқуға бұйырыңдар. Олар он жасқа келгенде намаз оқымаса,
ұрыңдар. Төсекте олардың жатын орнын бөлек жатқызыңдар»
189
деген. Бұл хадистегі «ұру» деген сөз он жастан ары қарай
намазды толық оқытуға барынша көңіл бөліп, маңыздылығын


түсіндіріп жеткізу қажеттіген ұғындырса керек. Және осы
жастан бастап балалардың жыныстық ерекшеліктеріне көңіл
бөліп, тәртібі мен уақытын соған сай қадағалау қажеттігі
туындайды.
Бұл жас аралығы көбіне өтпелі кезең ретінде танылған. Ата-
ана осы кезеңде баланың тәрбиесі мен күн тәртібіне аса
мұқият көңіл бөлуі қажет. Бір жағынан күн тәртібін өз
бетінше жасауына, уақытын өзі жоспарлауына мүмкіндік беріп,
екінші жағынан сырттай қадағалап отырғаны жөн. Өтпелі
кезеңде әртүрлі жағымсыз әдеттер мен қылықтар байқалуы
мүмкін болғандықтан, баланың сол өтпелі кезеңнен дұрыс
шығуына жіті мән беруі қажет. Осы кезеңде бала өз күшімен
уақытын дұрыс жоспарлауды үйрене алса, оның мойнына
жауапкершілік жүктелетін алдағы өмірінде де уақытын тиімді
өткізу әдеті қалыптаспақ.
Жастық шақтың алғашқы кезеңі бозбала мен бойжеткеннің
балиғатқа толған жасымен тұспа-тұс келеді. Ал балиғат
жасына жеткен жеткіншекке бес уақыт намазын үздіксіз оқуы,
Рамазанда ораза ұстауы, қаражаты жеткен жағдайда зекетін
беріп, қажылыққа баруы парыз болып саналады. Сондықтан
бұл жастағылар уақытын жоспарлағанда осы міндеттеріне
қарай икемделуі қажет. Бір күндік уақытын жоспарлау
барысында 
күнделікті 
оқылатын 
бес 
уақыт 
намаздың
уақыттарын назарға алуы тиіс. Басқа істерін соған қарай
реттеп үйренгені жөн. Бір жылдық уақытын жоспарлау
кезінде Рамазан айының парыз оразасын есепке алуы қажет
болады. Осылайша балиғат жасқа толғаннан бастап адам
баласының уақытын жоспарлауы ең алдымен діни міндеттеріне
байланысты болғаны абзал.
Жастық шақтың бастапқы бірнеше жылдарымен адамның
мектептегі кезеңі аяқталмақ. Жалпы мектеп партасында
отырған жылдарында алдымен ата-ананың көмегімен, кейіннен
өз күшімен уақытты жоспарлауды әрі соған сай тиімді
пайдалануды үйренуі қажет. Бұл адамның өмірінің кейінгі
кезеңдерінде аса қажет болады. Мектеп кезінен күн тәртібіне
үйреніп, сабаққа дайындалатын, кітап оқитын, ата-анаға


қолғабыс ететін, демалатын, достармен бірге болатын
уақыттарын жеке-жеке белгілеп, реттеп қоюға дағдыланғаны
жөн. Осы арқылы бала оқуда озат, ата-анаға көмекші,
достардың арасында сыйлы болып өсіп жетіле алады.
Ал жастық шақтың одан кейінгі кезеңі адамның жоғары
білім алуға ден қойған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде
уақытты жоспарлауды маңызы бұрынғыдан да арта түспек.
Жоғарғы оқу орнының қабырғасында берілген жылдардың
ішінде барынша жан-жақты білім алып, үлкен өмірге жалғыз
аяқ баса алатындай дәрежеде рухани және ғылыми түрде
дайындалуы қажет. Бұл кезең арнайы осы қажеттіліктерін
үйренуге мүмкіндік пен уақыт берілген шақ болып саналады.
Бұл кезең өтіп кеткен соң тиімді пайдаланбағанына өкініп,
сан соғып қалмас үшін уақытын жоспарлы қолдана білуі аса
маңызды. Өзінің таңдаған ісінің білікті маманы болып шығу
үшін толыққанды білім алумен қатар, барынша қосымша
ізденіп білімін шыңдай түсуі қажет. Одан кейінгі жұмыс пен
үлкен өмірге рухани тұрғыдан әрі адамдық жағынан бейімделу
үшін діни әрі танымдық, жан-жақты жетілуіне септігін тигізетін
кітаптар оқып, ой-өрісін кеңейте түсуі маңызды. Бұлардың
барлығына шектеулі уақыттың ішінде үлгере алу үшін уақытты
жоспарлаудың қажеттілігі бұлтартпас жайт.
Жастық шақтың бел ортасынан кейінгі кезеңі – адам
баласының өз бойын өзі алып жүре алатын, бір істің маманы
болған, бір отбасының іргесін қалаған жан атанатын шағы.
Бұл кезеңде адам үшін уақыт бұрынғыдан да қысқа, ал
орындау керек іс бұрынғыдан да көп болып көрінеді.
Расында да солай, жас ұлғайып, жауапкершілік артқан сайын
атқару керек істер де көбейе бермек. Және мұның бәрін де
үлгеру үшін уақытты жоспарлы қолданудың қажеттілігі мен
маңызы артқан үстіне арта түседі.


Кемелдену жасындағы адамның жастық шақтың соңғы
кезеңдерінде басталған жұмыс және отбасылық міндеті
жалғасын таба бермек. Тек жас үлкейген сайын өмірде өз
орнын қалыптастырған жан болуға талпынғаны дұрыс болады.
Қазақтың «Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал
алмайды» 
деген 
сөзі 
осы 
жастағы 
жандарға 
қарата
айтылғанын көре аламыз. Отыз жасында кемелденуге аяқ
басып, қырқында белгілі бір нәтижелер мен жетістіктерге
жетуі, одан кейін елуге келгенде ел ағасы ретінде беделге ие
бола алуы тағы да уақытын дұрыс пайдалануына байланысты
болмақ.
Ал жасы алпысқа жетіп, «Пайғамбар жасына» келдім деген
жандардың балиғат жасына толғаннан бастап атқарып жүрген
ғибадатын еселей түсіп, «ертеңгі күнге» қамданғаны абзал.
Себебі Алла Елшісі (с.а.с.) «Алла Тағала алпыс жыл ғұмыр
берген пендесінің ешбір сылтауын қабыл алмайды»
190
деген.
Сонымен қатар бұл жас «балам – балым, баламның баласы –
жаным» демекші, жанындай болатын немере сүйіп, оған да
Пайғамбардай (с.а.с.) мейірімділік танытып, қызығына тоймай
отыратын шағы деуге болады.
Кәрілік кезеңіне жеткен жанның сол жасқа жеткізген
Раббысына шүкір етіп, құлшылығына барынша көңіл бөліп,
өскелең ұрпаққа дуалы аузымен асыл өсиетін айта отырғаны
өзіне жарасар іс.
Аманат болған жанын Иесіне тапсырып, о дүниелік болған
уақытта жуындырылып, кебінделіп, жаназасы оқылып, жерленуі
артында қалған ұрпағына міндет болмақ.
Осыдан соң адам үшін қабір өмірі басталмақ. Қияметке
дейін бәрзах әлемінде күткен соң, қиямет күні Алланың
құзырына жиналып, есеп беріп, соңғы тұрағы болатын жаннат
не тозаққа кірумен адам жанының өмір сүру кезеңдері


ақырғы нүктесіне барып тоқтайды. Ал бұл соңғы кезең
мәңгілікке жалғасын таппақ.

ӨМІРЛІК МАҚСАТ ҚОЮ
Мұсылманмын деген жанның алға қойған үлкен мақсаттары
болып, ол сол жолда тер төгуі тиіс. Мақсатына жете алмаса
да, еңбегінің сыйын Алла Тағала міндетті түрде береді.
Қаншама жандар өмір садағының алтынға бергісіз құнды
уақыт атты оқтарын бостан босқа ауаға атып, ысырап етуде.
Дәл кішкентай балалардың ойыншыққа алданып, уақытын
өткізуі секілді. Сондықтан да негізгі нәрсені шетке ысырып
қойып, қиялдың соңынан қуалау – өмірді босқа кетіріп, құр
алақан қалдырады және жүректі қараңғылық астына көміп
тастайды.
Америкалық танымал тайм-менеджмент сарапшысы Стивен
Кови өмірге деген екі түрлі көзқарасты атап өтеді:
Реактивті – айналада болып жатқан жайттарға тәуелді болып
өмір сүру, былайша айтқанда «ағыспен жүре беру».
Проактивті – өзінің қалауынша өмір сүру, болып жатқан
оқиғаларға белсенді түрде атсалысу. Мұндай көзқараспен адам
өз өмірін өзі ретке келтіре алумен қатар, әрбір әрекетіне
жауапкершілікті өз мойнына алады.
Адамның мақсаты мен міндетінің арасында төмендегідей
айырмашылық бар:
Мақсат – адамның өмірден алары, жетістікке жетіп
бағындырар шыңы.
Міндет – адамның өмірге берері, артынан қалдырар ізі.


Стивен Ковидің The seven habits of highly effective people
(Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті) кітабындағы екінші
әдет – ең соңғы нүктеден бастап ойлану. Яғни, автор өзіңнің
жаназаңды елестетіп көруге кеңес береді. Сен туралы
адамдардың қандай ойда болғанын, артыңнан қандай пікірлер
айтқанын қалайсың? Осы сен үшін өмірдегі ең маңызды жайт
болып 
табылады. 
Осы 
арқылы 
күнделікті 
әрекетіңді
жоспарлап, шешім қабылдағанда да осы жайтты негізге алып
отыруың қажет. Солайша өзің үшін өмірлік мәні бар
мақсатыңа қарай жол тартқан боласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет