дамуына байланысты. Алла Елшісі (с.а.с.) мүміннің білім
деңгейін, рухани байлығын күн сайын арттырып отыруға
тырысуы қажеттігін ескерткен. Айша анамыз (р.а.) жеткізген
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «
Мені Аллаға
жақындататын ілімімді арттырмай бір күн өмір сүрсем, ол күнді
жақсылықпен өткізбедім деп есептеймін».
221
Мәғрифәтуллаһтың
(Алланы тану) шыңына шыға алған Пайғамбарымыздың күн
сайын Аллаға деген жақындығын арттыратын ілім алуға
мүмкіндігі болса, басқа адамдар үшін бұл мүмкіндіктің аясы
тіпті кең болмақ. Себебі Алланы тану тұрғысынан біздердің
олқылықтарымыз бен пайғамбарлардың кішігірім кемшіліктерін
салыстыруға мүлдем келмейді.
Мағынасы осыған ұқсас тағы бір хадиске назар аударсақ:
«
Тақуалыққа жетудің жолдарының бірі – білмеген мәселелеріңді де
үйренгенше білім алуды жалғастыру».
222
Басқа бір риуаятта аталған жайт төмендегідей қысқа да
нұсқа жеткізіледі: «
Екі күні бірдей болған – зиянда... күн сайын
дамып отырмаған кері кетеді».
223
Өмірдің әрбір кезеңдерінде
адамның әрдайым тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыруының
қажеттілігін ағысқа қарсы жүзген адаммен салыстыруға
болады. Ағысқа қарсы жүзген адам жүзуін жалғастырмай
тоқтап қалатын болса, кері кететіні белгілі. Сол секілді адам
баласы білім алуын тоқтатып қойса, оның бұған дейін жеткен
дәрежесіндетұрақтап тұра алмайды, міндетті түрде кері кетеді,
себебі алдыңғы мәліметтер бара-бара ұмытыла бастайды.
Нағыз пайдалы білім материалдық білімдер мен рухани
білімдерді
бірлестіре
отырып
меңгеріледі.
Ілімнің
бұл
екіжақтылығы қос қанат сияқты. Сіз өмірде бір қанатпен
ұшқан құс көрдіңіз бе?..
Достарыңызбен бөлісу: