Тайм-менеджмент


Алдымен білуіміз міндетті мәселелерді үйрену



Pdf көрінісі
бет90/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Алдымен білуіміз міндетті мәселелерді үйрену


Пайғамбарымыздың хадистерінде әрбір мұсылманның білуі
парыз саналатын мәселелер аталып өтіледі. Оларды түсіндіру
барысында 
ғалымдар 
арасында 
әртүрлі 
көзқарастар
кездескенімен, көпшілігі иман, ғибадат, көркем мінез, қарым-
қатынас әдебі, белгілі бір мамандық, үйленетін жандар үшін
отбасылық мәселелер мен бала тәрбиесінің қыр-сырлары
жайлы мағлұматтарды білу парыз екендігін құптаған.
Алла Елшісі (с.а.с.) дұрыс әрі пайдалы білім алудың
маңыздылығын білдіріп кеткен. Әрдайым пайдасыз білімнен
Аллаға сиынып, дұға ететін болған. Алайда «мына білім
пайдасыз» деп нақты айтқан емес. Демек, білуіміз парыз
болған білімді толыққанды үйреніп болмай, «қажетті білімімді
толықтыруға кедергі жасайтын барлық білімнен Аллаға сиыну
керек» деген түсінік қалыптастыруымыз қажет деген сөз.
Себебі ешбір пайдасы жоқ артық мағлұмат адамның санасына
шоғырланып, жадын толтырып, зейінін қажетті дүниеге
арнауына кедергі жасайды.
Алла Тағала білім алуды әрбір ер мен әйел мұсылманға
парыз еткенін хадистен білеміз. Ал бұл парыз өз кезегінде
парыз-айн (әркімге жеке парыз) және парыз-кифәя (жамағатқа
жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Өзін мұсылман санаған
әрбір жан өзі үйренуі керек жайттарға діни білім жатады.
Мұсылманның 
мойнында 
діни 
міндеттемелері 
бар
болғандықтан, соларды атқаруды үйрену үшін білім алу
парыздан да маңызды парыз болып саналады. Ал діни білім
өз алдына «қорғаушы» және «толтырушы» болып екіге бөлінеді.
Қорғаушы білім – мұсылман баласын әртүрлі жат жолдар мен
адасушылықтан сақтап, өзгелердің жетегінде кетуден қорғап
қалатын мағлұматтар. Толтырушы білім – адамның жанын
рухани байытатын, жүрегін мейірімділікпен толтыратын, дін
жолында 
табандылыққа 
баулитын 
тағылымды-өнегелі
мәліметтер. Мұсылман адам ең алдымен өзіне жеке парыз


болған осы екі түрлі біліммен сусындауға тиіс. Ал парыз-
кифая аталған, жалпыға міндеттеліп, жамағаттың ішінен бір
не бірнеше адам білсе жеткілікті болатын мәліметтерді адам
өз табиғаты мен қажеттіліктеріне қарай үйреніп біле алады.
Алла Тағаланың адамдарға берген зейін қабілеті мен
бейімділігі әр алуан болып келеді. Адамдардың осындай
қабілеті мен талаптарының нәтижесінде түрлі мамандықтар
пайда болған. Қоғам тәртібінің жалғасуы үшін түрлі
мамандықтар мен оның мамандары, әлбетте, қажет. Мамандық
таңдау барысында назар аударылатын басты мәселе – халал
мен харам шегіне абай болу.
Әрбір 
мұсылман 
Алла 
Тағаланың 
өзіне 
берген
мүмкіншіліктерін ең жақсы түрде пайдалануы тиіс. Кімнің қай
салаға қабілеті болса, өзін сол бағытта дамытуға жігер
жұмсауы керек. Мысалы, ілімге қабілеті бар адам пайдалы
іліммен айналысып, сол салада жоғары дәрежелерге жетуге
талпынғаны абзал. Басқару қабілеті бар адам соның іліміне
бейімделумен қатар, өз жауапкершіліктерін де үйренуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет