133
ұйымдастыру кезеңі:
ұйымдастырушының сөзі, іс-шараны ашу,
мақсатын, барысын баяндау;
негізгі бөлім: іс-шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының
баяндалуы, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері;
қорытынды бөлім: іс-шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін
талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру және т.с.с.
5.
Педагогикалық талдау жұмысы: іс-шараның өту нәтижесін және
оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған
тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу және т.с.с.
Кейбір тәрбие формалары бірнеше іс-әрекетті өзіне қосуы мүмкін:
фестиваль, жарыс,
мектеп мейрамдары, кездесу кеші, ғылым апталығы
және т.б. Мұндай іс-әрекеттің түрлері ұжымдық ойлауды, ақылмен ойланып
істелген жоспардың үлгісін құруды талап етеді.
Бұл атаулы күндерге арнап тақырыптық
кешті ұйымдастырудан, соған
қатысты әнді үйренуден, қабырға газетін шығарудан және әр айда оқитын, пікір
алысатын көркем шығармалардың картотекасын алдын ала жасаудан, ол
жайында сыныптағы оқушылармен пікір алысудан, аяғында істің нәтижесін
шығарудан тұрады.
Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымымен атқаратын тәрбие жұмысының
негізгі бір формасы – сынып жиналысы.
Онда оқушылар демократия, ашық
қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік қағидасын
меңгереді.
Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғарғы
органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру
барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі
қызметі – ұйымдастырушылық және ынталандырушылық.
Оның жұмысының
нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім
қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: