137
беру процесінде қолданылуына байланысты педагогикалық сөздікке
ағылшынның «person-centered» («тұлға орталықты») және «pupil-centered»
(«оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген.
Тұлғалық бағдарлы білім берудің негізгі ұғымдарының бірі:
Тұлғалық бағдарлы тұрғы –
тәрбиеленуші мен тәрбиеші тұлғасын субъект
ретінде танытатын білім беру процесінің типі. Білім берудің мақсаты – оқушы
тұлғасын, оның қайталанбастығы мен даралығын дамыту; оқыту процесінде
оқушының құндылық-бағдарлы және субъектілі тәжірибесі есепке алынады, ал
мұғалім-оқушы қарым-қатынастары ынтымақтастық және таңдау еркіндігі
ұстанымдарына негізделген.
Тұлғалық бағдарлы білім беруді жүзеге асыру үшін креативті,
шығармашыл маман қажет. Ол кәсіби құзыреттіліктің жаңа мазмұнына ие,
оқушының интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға, тұлғаның өзін-өзі
дамытуына бағытталған болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: