136
Тәрбие жұмысын педагогикалық талдау үлгісі:
1.
Тәрбие жұмысының тақырыбы, мақсаты, түрі, әдісі.
2.
Тәрбие жұмысын
ұйымдастырушының аты-жөні, қатысушылардың
саны.
3.
Тәрбиелік іс-шараны өткізу үшін алдын ала жүргізілген дайындық
жұмыстары.
4.
Белгіленген бағдарламаның орындалуы немесе одан ауытқуы.
5.
Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттың орындалуы.
6.
Тәрбие процесінің ең тиімді кезеңдері.
7.
Оқушылардың қабылдауының эмоциялық көрінісі.
8.
Тәрбие жұмысына пайдаланылған қосымша материалдар, көрнекі және
техникалық құралдар.
9.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын өткізуде өзін-өзі ұстауы,
оқушылар алдындағы іс-әрекеті,
сөзі мен мимикасын меңгеруі, жеке басы,
сыртқы бейнесі, көрінісі, киімі, шашын әсемдеп тарануы.
10.
Сынып жетекшісінің білім дәрежесі, тақырыпты меңгеруі.
11.
Сынып жетекшісінің педагогикалық жұмысқа икемділігі, әдептілігі,
педагогикалық тактыны игеру дәрежесі, оқушыларды
ұйымдастыра білуі және
ұжымды үйіріп алып кету қабілеті.
Сынып жетекшісінің оқушыларды тәрбиенің жекеленуін, тұлғалық-
бағдарлық тұрғыларды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, қоғамның
ашық кеңістігінде бағдарлану біліктілігін дамытатын қосымша білім алу
мен білім бағдарламаларының алуан түрлеріне қатыстырудағы рөлі
«Тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымы педагогика ғылымына
ХХ ғасырдың 90-жылдары енгізілгенімен, оның толық мағынасы нақты
белгіленбеген. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жаңа технологиялар
енгізіліп, оқытудың мазмұны тұлғаны дамытуға,
оқушының тұлғалық
ерекшеліктерін, өзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт
алып отыр. Сондықтан педагогика ғылымын дамытуда тұлғалық бағдарлы
технологиясын енгізу өзекті мәселе болып табылады.
«Тұлғалық-бағдарлық тәрбие» тәжірибесі ерте заманнан-ақ басталады.
Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотельдің жан-жақты дамыған,
еркін тұлғаны тәрбиелеудің мақсатын, мазмұны мен әдістерін анықтауға
арналған жұмыстарын кездестіруге болады.
Олардың
айтуынша, тұлғалық тұрғыны құлықтық өзін-өзі жетілдіру,
табиғи қабілеттерін дамыту, тұлғаны қоғамдық қызметке дайындау негізінде
жүзеге асыруға болады.
Ортағасырлық және қайта өрлеу дәуірінде тұлғалық тұрғы адамға деген
ізгілікті
көзқараспен, адам табиғатына табынумен, адамның жоғары мәнде
белгіленуіне сенумен, шексіз оптимизммен байланыстырылды.
«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру»,
«тұлғалық бағдарлы технологиялар» ұғымдары педагогикада ХХ ғасырдың
80-жылдарының аяғында пайда болған. «Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім
137
беру процесінде қолданылуына байланысты
педагогикалық сөздікке
ағылшынның «person-centered» («тұлға орталықты») және «pupil-centered»
(«оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген.
Тұлғалық бағдарлы білім берудің негізгі ұғымдарының бірі:
Тұлғалық бағдарлы тұрғы –
тәрбиеленуші мен тәрбиеші тұлғасын субъект
ретінде танытатын білім беру процесінің типі. Білім берудің мақсаты – оқушы
тұлғасын, оның қайталанбастығы мен даралығын дамыту; оқыту процесінде
оқушының құндылық-бағдарлы және субъектілі тәжірибесі есепке алынады, ал
мұғалім-оқушы қарым-қатынастары ынтымақтастық және таңдау еркіндігі
ұстанымдарына негізделген.
Тұлғалық бағдарлы білім беруді жүзеге асыру үшін креативті,
шығармашыл маман қажет. Ол кәсіби құзыреттіліктің жаңа мазмұнына ие,
оқушының интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға, тұлғаның өзін-өзі
дамытуына бағытталған болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: