Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-45. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының



Pdf көрінісі
бет113/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-45. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының 
мақсаты, міндеттері, қағидалары 
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау көкейкесті 
мәселе. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі мақсатқа сәйкес туындайды. 
Мақсат болмаған жерде әрекет те болмайды. Тәрбие жұмысының сапалы 
болуы, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты болады. Тәрбие 
жұмысының мақсаты негізінде оның міндеттері айқындалады.
Оны жобалау төмендегідей сұрақтар арқылы жүзеге асады: 
1.
Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді? 
2.
Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік 
ерекшеліктері бар? 
3.
Өткен оқу жылында мектеп немесе сынып жағдайында қандай міндеттер 
қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды?
4.
Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап береді? 
5.
Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың қандай педагогикалық 
мүмкіндіктері болды? 
6.
Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлық 
дәрежесі қандай? 
Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның 
нәтижесі айқын болады. 
 
Балалар ұжымын педагогикалық басқару 
Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. 
Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оны тәрбиешілер басқарады. 
Ұжымды педагогикалық басқарудың нәтижелілігі, оның даму заңдылығын 
қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс 
анықталғанына, тәрбиешінің әсер ету тәсілдеріне байланысты. 
Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер 
ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі (интеграциясы). 
Ал мұндай интеграцияға төмендегі жолдар арқылы қол жеткізуге 
болады: 

күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және
жан-жақты көмегі; 

ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін 
жағдайлар тудыру; 

оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту; 

ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын 
біріктіру. 
Оқушылар 
ұжымын 
басқарудың 
педагогикалық 
тәжірибесінде 
төмендегідей маңызды ережелерді сақтау керек: 

педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, 
тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы 
байланыстыру; 


147

ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып 
отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер
қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті; 

сынып жетекшісі ұжымды тәрбиелеуде сынып ұжымына сүйеніп, 
отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі; 

көзбояушылық – тәрбиенің қас жауы; 

жетекшіліктің жақсы көрсеткіші – сынып өміріндегі маңызды 
мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы; 

ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде 
тәрбиені дамыту; 

тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көпдеңгейлігін 
ескере жүргізу: 
1)
жекеше қарым-қатынас жасау; 
2)
бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту; 
3)
әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау; 

ұжым мүшелерінің атқарып жүрген қызметтері мен олардың шын 
мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану; 

уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге 
жеткізе алатын ұжымға ауыстыру; 

ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық
іс-әрекет түрлерімен, олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет