144
ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
өз арасында міндеттер белгілеуі;
белгіленген міндеттерді орындауы;
қатаң тәртіптің болуы;
өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау,
жолдастық сезім, қайырымдылық, қарым-қатынастың болуы.
Сонымен, оқушылар ұжымының
ерекшелігі ұжым теориясы, ұжымның
даму кезеңі, нығайту жолдарынан тұратын үш аспектіден тұратындығы,
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым оқушылардың
жай ғана жиынтығы
немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет
етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу: ұжымдық іс-әрекетте және қарым-
қатынаста тұлғалық өзін-өзі бекіту, өзін тұлға және даралық ретінде ашу
Педагогика ғылымында тұлғаны ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы
1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні толық зерттеліп,
мектеп
тәжірибесінде жүзеге асуда.
Ұжым және жеке тұлға мәселесі қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар – идеялық
нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру,
оқушылардың өзара
тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне
жоғары талап қоюшылық.
Ұжым теориясына Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко,
С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский және т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко тұлғаны ұжымда тәрбиелеу теориясы мен
тәжірибесінің
негізін
жасай
отырып,
жасөспірімдерді
жастайынан
бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету қажеттілігіне баса
назар аударды.
Ұжым теориясының негізін қалаған А.С.Макаренко. Ол
ұжымда жеке
тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп
есептейді.
А.С.Макаренко ұжымның басты белгілерін төмендегідей нақты
тұжырымдап берді:
ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір
бөлшегі;
қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы;
ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру;
ұжым мүшелері арасында өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату;
өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Тұлғаны ұжымда біріктірудің негізгі көзі ортақ
мақсаттың және оны іске
асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
145
Ұжымдық іс-әрекетте
әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз
байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл
қарым-қатынас басқаның
ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне
көмектесу, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану,
намыстану сияқты
әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады.
Оқушылардың
ұжымдық қарым-қатынасы
– тұрақты көңіл-күйді,
бір-біріне сенім мен сыйластықты қалыптастырады. В.А.Сухомлинскийдің
қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімнің идеяларымен ұштасып
жатыр.
Ұжым
–
тәрбиеге
ықпал
етуші
құрал.
Ал,
тәртіп
ұжым
арқылы қалыптасады. Оқушыларды тәрбиелеу бүкіл оқу-тәрбие процесінде
жүреді.
Тәрбие ұжымда яғни, еңбекте, қоғамдық жағдайда, ойында, дене
тәрбиесінде және т.б. оқушының іс-әрекетінің, қарым-қатынасының барысында
атқарылады, іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: