Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Балалар ұжымының алуан түрлілігі: мектептік сынып, клубтық



Pdf көрінісі
бет114/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Балалар ұжымының алуан түрлілігі: мектептік сынып, клубтық 
бірлестік, балалар бірлестігі 
Жалпы оқушылар ұжымы – бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық 
мүшелері әртүрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива 
көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Олай болса, 
мектептегi сынып
сияқты бiрлестiктер шағын топ деп 
аталады. Мәселен, кейбiр бала мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс-шаралардың 
бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не 
жетекшiсi және т.б. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек 
қойылмайды. Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi ұжым деп 
аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың 
мүдделерiнiң бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, 
топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлуі 
– ұжымның басты белгiсi. Адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған 
қарсы келуге тырысса, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара-бара беделiнен 
айрылатын болады.
Зерттеу нәтижесiне қарағанда, сыныптарындағы 25-28 оқушының iшiнен 
тек үш-төрт оқушының ғана басқалардан айрықша белгiлері болады екен. 
Мұның себебi төмендегідей: 
1) олардың топ мүшелерiмен қатынас жасай бiлу қабілетінің 
жоғарлығында, яғни басқаның жүрегiне жол таба бiлiп, қашанда көпшiлiкке 
жақын болуы;


148
2) ондай тұлға бiлiмдiлiгi, iскерлiгi, өз бiлгенiн басқалардан аямай
олармен риясыз бөлiсуге, көмектесуге әзiр тұрушылығы;
3) кiсiнiң сырт бейнесi мен кескін-келбетін, яғни дене күшi факторын 
ескеруі.
Жекелеген оқушылардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруi, топ 
мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң себептерi де 
сан алуан: 

оқушы сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбауы;

оқушы үстi-басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас 
орнатуға немқұрайды қарауы; 

оқушының өте кiнәмшiл, сәл нәрсеге өкпелей қалуы, көбiнде өзгелерге 
кiнә таға сөйлеуі;

топ iшiндегi құрбыларының тәрбиешінің талап-тiлегiне, ақыл-кеңесiне 
қарсылық көрсететiн тiлазар, қыңыр болуы; 

еңбек сүймейтiн, жалқау, өтiрiк айтуды әдетке айналдыруы.
Топтың көтерiңкi көңiл-күйi ұжымдық мiндеттiң нәтижелi орындалуына 
қолайлы әсер етедi. Бiлек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара 
сыйластық, ұжым мүддесiн қастерлейтiн жерде қандай ауыр жұмыс болса да 
жеңiл атқарылады.
Клубтық бірлестік

бұл ұжымдасқан педагогикалық іс-әрекет. Оның 
нәтижесі тұлғаның жетілуімен бағаланады. Нәтижесі табысты болу үшін, ол 
бала өмірінің барлық салаларындағы іс-әрекеттерін толығымен қамтуы қажет. 
Клуб жұмысының мақсаты
– бірлескен қоғамдық пайдалы іс-
әрекетке құрылуы тиіс.
 
Клуб жұмысының негізгі міндеті
– таңдап алған көркемөнер
іс-әрекетіне қатысты оның әрбір мүшесінің қажеттілігі мен қабілетін тәрбиелеу. 
Ұйымдасқан клубқа қойылатын талаптар:

клубтың әрекеті, қоғамдық маңыздылығы, өздігінен әрекет етуі, 
мүшелерінің жеке-дара өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігінің болуы; 

клубтың үнемі жұмыс істеуінің маңыздылығы және оның мүшелері 
құрамының тұрақтылығы; 

клуб жұмысы мазмұнының ағартушылық-эстетикалық бағытта болуы; 

оның жұмысының әр тарапта жүргізілуі; 

оның мүшелерінің белсенділіктері мен өздік жұмыс істеу қабілеттерінің 
дамуына айтарлықтай ықпал етуі; 

дұрыс ұйымдастырылған клуб жұмыстарында оның мүшелері жалпы 
қоғамдық тұрғыдағы ұйымдастырылған пайдалы іс-әрекеттерге ортақтастық 
сезімінің қалыптасуы. 
Клуб жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде, ол қандай болуы 
керек деген сұрақ туады. Клуб жұмысының 
бірінші кезеңінде


Клуб жұмысының белсенділерін құру тиімді болады. 

Клуб жұмысына қатысушы оның әрбір мүшесімен жазбаша сауалнама 
жұмыстарын жүргізіп, өздерінің оған қатысы мен оның жұмысының мазмұны 
және талаптарын орындауға көзқарастары анықталады.


149

Клуб жұмысында оның президенті және кеңес мүшелері сайланады. 

Клуб жұмысының ұйымдастыру формасы оқушылардың өзін-өзі 
басқаруына негізделіп құрылуы тиіс. 

Клубқа келген әрбір жеке тұлға оның өмірімен байланысты
іс-әрекеттің әртүрлі бағытына араласуы тиіс. 

Клуб мүшелері жүйелі түрде өнер, музыка, әдебиет саласынан танымдық 
белсенділіктерін арттыруға және эстетикалық саналарын оятып, көркемөнерден 
талғамдарын дамытуға бағытталуы тиіс. 
Клуб жұмысын осылай ұйымдастыру белгілі бір дәстүрдің, жүйеліліктің 
болуын қамтамасыз етеді. 
Екінші кезеңде
оның мүшелерінің қызығушылықтарына сай үйірмелер 
құрылады: ұлт аспаптар оркестрі; мәнерлеп оқу үйірмесі; тарихи-әдеби және 
музыкалық сынып және т.б. 
Үшінші кезеңде
тақырыптық лекция, әңгіме, кездесу, мәдени жорықтар, 
театр, музыкалық кештер және т.б. ұйымдастырылады. 
Сонымен, қоғамдық маңызы бар ұстанымы оның әрбір мүшесін өз бетінше 
білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру. 
Мұндай ұстаным оның жұмысында күнделікті басшылыққа алынып отырады. 
Балалар бірлестігі. 
Қазіргі кездегі құрылып жатқан балалардың 
бірлестіктері бұрыннан қалыптасқан пионер ұйымдарының іс-тәжірибесіне арқа 
сүйейді. Олардың теориялық-практикалық негіздерін қалаған – Н.К.Крупская, 
А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, И.П.Иванова және т.б.
 
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі
әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір оқушының тұлғалық қасиеттерін 
жан-жақты дамыту құралы ретінде ұжымды басқарудың барынша тиімді 
жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты 
қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, 
А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында ұжым қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән 
береді. 
Соңғы жылдары ұжым деп – жоғары ынтымақтастық деңгейі, интегративті 
қызметі, ұжымдық бағыты бар адамдар тобын ғана атайтын болды 
(Я.Л.Коломинский, А.В.Петровский, Л.И.Уманский). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет