Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Табысқа жетуді құру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет135/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Табысқа жетуді құру әдістемесі 
Бүгінгі нарықтық заманда қоғамды ізгілікті адамгершілік тұрғыдан 
жаңартудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін жүзеге асыра алатын жаңа 
тұрпатты, бәсекеге қабілетті, кәсіпкер тұлға тәрбиелеудің ғылыми-әдіснамалық 
негіздерін жасаудың қажеттігі алға қойылып отыр. 
Табысқа жетуде кәсіпкер тұлғаны тәрбиелеу бала мен ата-ана және сынып 
жетекшісінің өзара қарым-қатынасына құрылатын болғандықтан, олардың 
өзара әрекеттесуі қазіргі әлеуметтік (нарықтық) ортада іске асырылады. 
Әрбір адам материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етіп, 
ғұмырын өткізеді. Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқымен, қарым-қабілетімен,
іс-әрекетімен, көзқарасындағы ерекшеліктерімен дараланып көрінеді. Ендеше, 


175
дара тұлғаның өзіндік ерекшелігін әрқашан да «қоғамдық қатынастардың 
бірлігінде қарастыру керек» (К.Маркс). 
Девианттық мінез-құлықты балалар мен оқушы жастарды 
психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету 
Қоғамда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылар, нашақорлық, жезөкшелік, 
девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр.
Девианттық мінез-құлық – нормадан ауытқушылық және ол адамның 
қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған, өзін-өзі ұстау нормалары мен 
ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен құлықтары. Девианттық
мінез-құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз – «норма» 
және «қылық». Әлеуметтік норма – бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде 
қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық 
ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар.
Психологияда қылық адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы 
және сол тұрғыдан оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және жалпы табиғатқа 
деген қарым-қатынасын айқындау деп қарастырылады.
Девианттық мінез-құлықты кең және тар мағынада қарастырады.
Тар мағынасындағы
девианттық мінез-құлық дегеніміз – жалпы 
қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар. 
Кең мағынадағы
девианттық мінез-құлық деп қоғамдағы қабылданған 
нормалар мен әлеуметтік стреотиптерге сай келмейтін кез келген
іс-қимылды айтамыз.
Сонымен, девианттық мінез-құлық – кез келген қоғамдағы қабылданған 
әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қайшы келетін қылықтар жүйесі. 
Танымал әлеуметтанушы И.С.Кон: «Девианттық мінез-құлық – ол 
психикалық саулық, құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі 
ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы» – деп қарастырды.
Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева «девианттық мінез-құлық» деп 
төмендегідей топтастырады: 

пайдақор бағытта: құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда 
табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату және т.б. ) 

агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл 
(бұзықтық, соққы, тіл тигізу және т.б.) 

әлеуметтік-енжарлық түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешу 
(жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид, белсенді өмір сүруден қашу, 
азаматтық жауапкершіліктен жалтару және т.б.). 
Жалпы девиацияны жағымды және жағымсыз деп 2 түрге бөлуге 
болатындығын 56-суреттен көруге болады. 
Девианттық мінез-құлықтың көрсеткіштеріне жататындар:
агрессия, 
демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, ішімдік, нашақорлық, 
қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б.
Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне 
ерекше назар аударуды қажет ететін тұлғалар кездеседі. Олар дене жағынан 


176
немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып 
табылады. Ондай адамдар қашан да басқа адамдар тобынан ерекшеленіп 
тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет