Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Кесте-13. Сауалнаманың нәтижесі



Pdf көрінісі
бет134/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Кесте-13. Сауалнаманың нәтижесі 
 
№ 
Жауаптар 
Сұралғандар жауабын 
 %-ға шаққанда 
1. 
Күнкөріс, тұрмыстық ауыртпалықтар, жұмыссыздық 
52 
2. 
Отбасындағы шешімін таппаған күрделі мәселелер 
32 
3. 
Басқаларға еліктеуден 
16 
«Балалар арасындағы ішімдікке әуестікті жою үшін, қандай шаралар 
жасалу қажет деп ойлайсыз?» деген сұраққа балалардың 59 % ішімдікті 
өндіруге, сатуға тыйым салу қажеттілігін баса айтты (14-кесте). 
Кесте-14. Сауалнаманың нәтижесі 
 
№ 
Жауаптар 
Сұралғандар жауабын
%-ға шаққанда 
1. 
Ішімдіктерді өндіруге, сатуға тыйым салу қажет 
59 
2. 
Маскүнемді жазалау керек 
14 
3. 
Оны жою мүмкін емес 
18 
Мұғалім баланың осы сұрақтарға берген жауаптарын алғашқы 
жинақталған ақпарат-мәліметтерімен салыстырып, белгілі бір қорытындыға 
келеді, жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізеді. 
Осы жұмыстармен қатар мектеп бойынша әлеуметтік мониторинг өткізіліп 
отырады.
Ең алдымен, балалармен жұмыс істеу жан-жақты зерттеуді, баланың 
бойындағы ұнамсыз әрекеттердің шығу себебін, тәрбиеленіп-өскен отбасын, 
тұрмыс-жағдайын, ата-ананың білімі мен бала тәрбиесіне қанша уақыт 
бөлетінін анықтап, мектептегі тәрбие жұмысының деңгейін зерттеуді
жан-жақты білуден бастау керек. Бұл мектеп әкімшілігі үшін мектепте қанша 
отбасы бойынша қиын балалардың отырғанын білуге және сол балалармен
жүргізілетін жұмыс түрін анықтауға қажет.
Контактілі өзара әрекет әдістемесі 
Даму кезеңінде толысып қалған жеткіншектік шақ болғандықтан, 
саламатты өмір салты интеллектпен байланысты қарастырылады. Денсаулыққа 
жеткізер байлық – рухани байлық, шығармашылық еңбек. Психолог 
ғалымдардың еңбектеріне жүгінсек, тіршілікте ұнамды эмоциялардың маңызы 
бар екенін байқауға болады. 
Экономикалық аспект. 
Есірткілерді заңсыз түрде түсіру ақша айналымын 
бірнеше есе арттырып, одан заңсыз жолмен қыруар пайда келтіріп отырады. 
Мемлекет нашақорларды емдеу мақсатында көптеген қаражат жұмсайды, ол 
денсаулық саласының өзекті мәселелерін шешу үшін пайдалануға берілетін 
қаржы көлемінен алынады. 


174
Демографиялық аспект. 
Заңсыз түрде есірткіні жүйелі түрде 
қолданатындар қатарына көбіне ер балалар мен жасөспірімдер жатады. 
Есірткіге тәуелділікті қалыптастыру инстинкті басады да, жыныстық рөлді
іс-әрекеттің бұзылысына әкеледі. Екінші жағынан, нашақорлыққа байланысты 
шамадан тыс көп мөлшер мен бақытсыз жағдайдан туындаған әйел мен 
еркектер арасында сәйкессіздік қалыптасады. Нәтижесінде жақын уақыт 
арасында бала туу көрсеткіштері төмендейді, ал жалғыз басты әйел адамдар 
мен толық емес отбасылар саны артады. 
Моральді аспект. 
Есірткіні жүйелі түрде қолдану барысында жеке тұлға аз 
уақыт ішінде тез құлдырауға ұшырайды. Діни негізбен бекітілген дәстүрлі 
моральдің өзі бүгінгі күні үлкен қауіпке ие болып отыр.
Саяси аспект. 
Нашақорлық таза медициналық өзекті мәселеден жалпы 
ұлттық көлемдегі проблемаға айналып отыр. 
Медициналық аспект.
Дәстүрлі наркология (есірткі жайлы ғылым) 
нашақорлықты емге берілмейтін, созылмалы, уақытымен ремиссия тудырып 
отыратын ауру деп қарастырады. 
Есірткіні қабылдаған кезде, басты үш клиникалық феномен дамиды: 
1.
Психологиялық тәуелділік.
Бұл кезде нашақор адам есірткі өмірімен, 
өзімен, өзге адамдармен байланыс орнататын зат болып табылады. 
2.
Физикалық тәуелділік.
Мұнда есірткі біртіндеп ағзадағы зат алмасу 
процестерінің тізбегін бұзушы қызметін атқарады. 
3.
Толераттылық есірткіге үйрену
(әуестіліктің қалыптасуы). 
Психологиялық аспект. 
Нашақорларды кез келген адам типтерінің 
арасында кездестіруге болады. Нашақорлық және психоактивті заттарды 
қолданудың алдын алу мақсатында отандық және шетелдік мамандар көбіне 
барлық іс-шараларды мектеп жасындағы балаларға бағыттайды. Себебі, осы 
жастағы есірткі қолданатын балаларда әртүрлі аурулар жиі туындайды. Көбіне 
ол есірткі шегіп алған балалардың тазалық, яғни гигиена сақтамауынан және 
кездейсоқ жыныстық қарым-қатынасқа түсуінен болатын аурулар. Көптеген 
мемлекеттерде «қауіп тобының» балалары мен жасөспірімдеріне біршама 
әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар құрылған. Мысалы, жастар мен балалы 
әйелдерге «қоғамдық жайлар», жасөспірімдердің уақытша паналайтын 
«дағдарысты» ұйымдары, түнгі паналайтын үйлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет