171
Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін
факторлар, яғни жағымсыз
тұлғалық сапаның қалыптасуы, бәрінен бұрын
тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың
ата-аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп,
танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін.
Бірақ та оларда балаға
жағымсыз әсер ететін ата-аналарының арасындағы дау-дамайлы қарым-қатынас
бар. Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы жеке тұлғаның
эмоционалды, бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады: оларға
алаңдаушылық, әлеуметтік жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар
тән.
Жеткіншектерді мектепке бейімдеуге қарай төмендегідей 3 топқа бөліп
қарастыруға болады (55-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: